Коронавирус • 15 Қыркүйек, 2020

Коронавирустың екінші толқыны: Теңгеге не болады?

2074 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Күзде коронавирустың екінші толқыны салдарынан теңге бағамы түсуі мүмкін. Ұлттық валютаның әлсіреуінің барлық негізгі тәуекелдері сақталуда. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі жарияланған баяндамада айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирустың екінші толқыны: Теңгеге не болады?

Коронавирустың екінші толқыны әлемдік экономика үшін айтарлықтай соққы болуы мүмкін. Мұнайға деген сұраныс пен бағаның төмендеу қаупі тағы да артып келеді, бұл Ұлттық Банк сарапшыларының теріс нәтиже күтулерінің басты себебі. Коронавируспен ғана емес, Ұлттық валютаның әлсіреуімен де қазақстандықтар үшін өткен жаз есте қалды. Теңге бағамына Ресей рублінің 4%-ға төмендеуі әсер етті. Маусымнан тамызға дейін қазақстандық валюта 2 пайызға әлсіреді. Бірақ карантинге байланысты елде долларға сұраныс қалыпты болды. 

Сарапшылардың пікірінше, коронавирустың екінші толқыны теңге бағамына тағы да соққы беруі мүмкін. 

Қазақстан 18 млн тоннадан астам көмір экспорттады

Мұнай секторы шығынға ұшырағанымен, елдің көмір өнеркәсібі биылғы жылы коронакризистің қатты соққысын сезінбеді. Қазақстан жыл басынан бері 18 миллион тоннадан астам көмір экспорттаған. Дәл осындай көлемдер өткен жылы шетелге сатылған еді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бас сарапшысы Саят Исатов мәлімдеді.

Оның айтуынша, пандемия жеткізілімге іс жүзінде әсер еткен жоқ. Негізгі өткізу нарықтары да сол қалпында қалды. Биылғы жылы компаниялар тіпті Ресейге отын сатуды көбейтті. Елімізде барлығы 69 миллион тонна көмір өндірілді. Жыл соңына дейін көлем 107 миллионға дейін артады. Оның басым бөлігі ішкі нарыққа кетеді.

Баға картасы: жылқы еті қанша тұрады

Инфляцияға байланысты қазақстандықтардың шығындарының жартысынан көбі азық-түлік шығындарын құрайды. LS іскерлік порталы хабарлағандай, ет және ет өнімдеріне отбасылық бюджеттің бестен бір бөлігі кетеді. Біздің "баға картасы" айдарында еліміздің өңірлерінде жылқы етінің килограммы қанша тұратынын анықтадық.

Көкшетауда мың жеті жүз теңгеден басталады. Қарағандыда ет 100 теңгеге қымбаттады. Нұр-Сұлтанда жылқы еті 1900 және одан жоғары. Шымкентте - 2000 теңге. Қызылордадағы ет бағасы да осындай. Ең қымбат жылқы еті еліміздің батысында – Атырауда екі жарым мыңнан басталады.

АҚШ бюджетінің тапшылығы рекордтық деңгейге жетті 

Биылғы жылы АҚШ бюджетінің тапшылығы рекордтық үш триллион долларға жетті. Теріс сальдо үш есе өсті.
Бұл жағдай пандемия кезінде штат Үкіметінің үлкен шығындарына байланысты болды. Бюджет шығындары 45% - ға артып, 6 триллион доллардан асты. Бюджетке түсетін түсімдер, керісінше, осы соманың жартысын ғана құрады.

Сарапшылардың пікірінше, АҚШ бюджетінің мұндай үлкен тапшылығы алдағы бірнеше жылда сақталады. Үкіметтік қарыздардың төмен пайыздық мөлшерлемелері жағдайды жұмсартады. Сонымен қатар, Америкада салық түсімдері тез қалпына келеді.