02 Қараша, 2013

Баланың құны... 150 мың теңге ме?

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Адам үшін бауыр етінен жаралған баласынан артық кім бар! Ал оны тоғыз ай бойы көтеріп, дүниеге әкелген ана үшін ше? Әлемнің жарығын сыйлаған ана өзі үшін мәңгі сәби болып қалатын перзентін өмір бойына қызғыштай қорып өтпейтін бе еді! Жоқ, олай етпейтіндер де бар екен.

Олай етпегені сол, қанын да, жанын да берген анасы сол бір жапырақ баласын бөтен біреуге бар-жоғы 150 мың теңгеге сатып жібермекші де болыпты.

Бұл оқиға Алматы қаласында орын алған. Ішкі істер министр­­лігі­нің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың мәлімдеуінше, Алматы қалалық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қазан айының басында жалға алған пәтерінде өзінің жаңа туған нәрестесін бір отбасыға 150 мың теңгеге сатпақ болған Оңтүстік Қазақстан облысының 40 жастағы тұрғынын құрықтаған.

«Бүгінде аталған фактіге қа­тысы бар барлық қатысушыларға ешқайда кетпеу жөнінде бұл­тарт­пау шарасы қолданылып, қыл­мыстық іс қозғалды», – деп атап көрсетті Н.Ораз.

Осыдан кейін, «Бұл өмір не болып барады?!» дегенді әркім-ақ еріксіз айтатын шығар.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Соңғы жаңалықтар