Көксарай ауылының тұрғыны Есенкүл Әлібаеваның жағдайымен танысқан 1995 жылы туған ауыл жастары бірігіп, жаңа баспананың іргетасын құйып берген. Сөйтіп ерікті жастар қайырымдылық эстафетасын ауылдас аға-інілеріне жолдаған.
Бұл ерекше бастамаға үн қосқан 1982 мен 1998 жылғы ауыл жастары қаржы жинап, кейуанаға жаңа баспана салып берді. Осылайша ұйымшыл жастар қамкөңіл отбасыға қуаныш сыйлады.
Айта кетелік, биыл өңірде жүзеге асырылып жатқан "Қамқорлық" бағдарламасы аясында демеушілердің көмегімен Отырар ауданында аз қамтылған 10 отбасы баспаналы болды. Сондай-ақ тозығы жеткен екі баспана күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылды.