Филиал өкілдерінің айтуынша, бүгінде Алматы қаласы бойынша АМСК 74 ұйымы Қормен келісімшарты бар және медициналық сақтандыру пакеті және кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында медициналық қызмет көрсетеді.
«Азаматтар үшін тиімдісі, тіркеу науқаны кезінде пациенттер Қормен келісімшарты бар мемлекеттік әрі жекеменшік медициналық ұйымдарға тіркеле алады. Бұл пациент тұрақты негізде қаралып тұрғысы келетін медициналық ұйымды таңдаудың тамаша мүмкіндігі», — деді филиал директоры Тілеухан Әбілдаев.
Атап өтетін жайт, науқан кезінде АМСК ұйымына тіркелу арқылы азаматтар медициналық көмекті тіркелген жерінен 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды.
Емханаға тіркелу бірнеше әдістермен жүзеге асырылады. Біріншісі — емхананың тіркеу бөліміне барып, жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетіп, өз қолымен өтініш жазу керек. Бұл тәсіл мына санаттағы адамдар үшін қолжетімді:
- зейнеткерлер мен мүгедектерге;
- студенттерге;
- балалардың заңды өкілдері мен балалық шақтан мүгедек тұрғындардың қамқоршылары;
- шетелде туған балалар;
- түрмеде жазасын өтеп жатқандар (сол жердегі емдеу мекемесіне);
- әскери борышын өтеп жатқандар;
- бөбектер, балалар мен қарттар үйлерінің тұрғындары;
- ресми сенімхат арқылы тіркелетіндер.
Екіншіден — eGov.kz. порталының жеке кабинеті арқылы өтініш беру. Бұл әдіс барлық азаматтар үшін қолжетімді. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба мен кабинетке кіру үшін бір реттік құпиясөз керек.
Тіркеу науқаны денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасына тіркелген және МӘМС және ТМККК ұсына алатын медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізілетінін атап өткіміз келеді.
Тіркелуге болатын емханалар тізімімен fms.kz сайтында «Емхананы таңдау» бөлімінде танысып, тіркеу туралы толық ақпаратты 1406 нөміріндегі байланыс-ортылығынан білуге болады.