02 Қараша, 2013

Тарихы терең,тағылымы мол ұстахана 100 жылдығын атап өтті

374 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеңестік саясат кезіндегі тарих оқулықтарында революцияға дейін қазақ халқының 2 пайызға жуығы ғана хат таныды деген сыңаржақ тіркес жазылып келді. Расында да солай ма еді? Жоқ, олай емес, бұл кеңестік саясатшылар мен тарихшылардың нақты шындыққа үйлеспейтін, теріс көзқарастан туған дерегі деуге болады. Әрі дәл осы мәселеге қатысты айтатын уәждеріміз бен дәлелдеріміз де бар. Айталық, жиырмасыншы ғасырдың басында, яғни қызыл қазан революциясына дейін табаны күректей 15-17 жыл бұрын қазақ жерінде қоныс тепкен көптеген қалаларда педагогикалық курстар ұйымдастырылған. Соның бірі 1903-1908 жылдары аралығында Оралда ашылған. Оны бітіргендер кейін қалың ел-жұрттың арасына кетіп, оларды сауаттандыруға бел шеше кіріскен.

Ал арада он жыл өткен соң Орал қаласында мұғалімдер семинариясы құрылған. Оның алғашқы түлектерінің арасынан кейін белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен өнер шеберлері шыққаны да үлкен мерей. Бүгінгі Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің бастауы мен тарихы осы семинариядан ірге түреді. Арнаулы оқу орнының бас ғимара­­ты өңірдегі тарихи нысандар мен ескерткіштер қатарынан орын ала­ды. Мұнда ХХ ғасыр­дың басында Орал әскери реал­ды училищесі қоныстанған екен. Алаш қайраткерлері Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтер сол бір алмағайып жылдарда осы оқу орнында оқып, тәлім-тәрбие алғаны да бүгінгі бүкіл елге танымал колледждің мәртебесін биіктете түседі.

Республикадағы білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы – балабақшалар мен бастауыш мектептерге мамандар әзірлейтін оқу орны тәуелсіздік жылдары қанатын кеңге жая түсті. Та­ри­хы терең қара шаңырақтың білім беру бәсекесінде жұлдызы жар­қы­рай көрінді. Бүгінгі уақыт пен заманның биік талаптарына жоға­ры кәсіби шеберліктерімен үн қосып келе жатқан ұйымшыл ұжым­ды жаңашылдыққа жаны үйір, білікті басшы, педагогика ғылы­мдарының докторы Шалқыма Құр­маналина басқарып келеді.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

ОРАЛ.

Суретте: тарихи ғимарат – Орал педагогикалық колледжі ғимаратының сыртқы көрінісі.

Соңғы жаңалықтар