Қоғам • 15 Қыркүйек, 2020

Алматыда вакцина алу алгоритмі қандай?

253 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында қалалық студенттік емхананың бас дәрігері Айгүл Асенқызы тұмауға қарсы тегін вакцина алу алгоритмі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда вакцина алу алгоритмі қандай?

Алматыда ЖРВИ-мен жаппай ауырудың  алдын алу және тұмау вирусының коронавирус инфекциясымен  қабаттасып кетпеуі үшін  15 қыркүйектен бастап қала тұрғындарын тұмаудан вакциналау басталды.

Айгүл Асенқызының айтуынша, вакцина алғысы келетіндерге емханаға келу керек.

"Егер адам вакцина алғысы келсе, онда ол тіркелген емхананың тіркеу бөліміне алдын ала қоңырау шалу қажет", - деп түсіндірді Айгүл Асенқызы.

Айта кету керек, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен вакцина келесі санаттағы азаматтарға қол жетімді:
•эпидемиялық  белгілері бар адамдарға;
•жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар;
•жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер;
•медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметтерін алушыларға;
•жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің балалары;
•медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балалар;
•мемлекеттік мекемелердің медицина қызметкерлері;
•жастары  6 айдан жоғары жиі ауыратын балалар.
Тегін вакцина тұрғылықты жері бойынша немесе тіркелген жері бойынша емханаларда жүргізіледі.
Қызмет көрсету саласының қызметкерлері (көлік, супермаркеттер, банктер, қонақ үйлер, ірі кәсіпорындар және т.б.) жататын халықтың өзге санаттарына вакцина жұмыс берушінің  немесе өз қаражатынан  жүргізіледі.
Айгүл Асенқызының айтуынша, екпе алу алдында міндетті түрде терапевттен тексеруден өту қажет.
"Вакцина алудан бұрын пациент жалпы тәжірибелік дәрігерге немесе терапевтке баруы өте маңызды. Дәрігер науқастың жалпы жағдайын бағалайды.  Егер катаральды құбылыстар немесе температура байқалмаса, ол вакцинаны «Өз еркімен ақпараттандырылған келісімге қол қою арқылы ала алады немесе  алдын алу екпесін алудан  бас тарта алады ", - деп түсіндірді ол. 

Тұмауға қарсы екпе алғысы келетін қалған санаттағы қала тұрғындары тұмауға қарсы екпе жүргізуге лицензиясы бар медициналық орталықтарға жүгіне алады:

Мұқанов к-сі, 235 мекенжайы бойынша орналасқан "IMC" медициналық орталығы (байланыс нөмірі 8 (727)378 64 64)

“Фармаком "ЖШС" вакцинация клиникасы " Бұзырбаев көшесі, 23 (байланыс нөмірі 8 (727) 3824603, 8 (727) 291 79 65)
"СОС-ҚАЗАҚСТАН" ЖШС Луганский к-сі, 11 (байланыс нөмірі 8 (727) 2581911)

Сондай-ақ тұмауға қарсы вакцина дозасының орташа бағасы 2,5-нан 4 мың теңгеге дейін өзгеретіні атап өтілді. Тұмауға қарсы "Гриппол Плюс" немесе "Инфлювак" вакциналары салынатын болады.