Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мониторингтік тобының жұмыс барысында биылғы жылғы 7-14 қыркүйек аралығында 39 нысан мен 83 жеке тұлғаның карантин режімін бұзғаны анықталды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 16 млн 376 мың теңгені құрайды. Әкімшілік соттың қарауына 1 материал жіберілген.
Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша 26 мониторинг топ карантин шараларының сақталуын бақылау мақсатында жұмыс істеуде. Санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтау коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу үшін маңызды. Мониторингтік топтардың құрамына әкімдіктерінің өкілдері, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, сондай-ақ полиция қызметкерлері кіреді.
Кәсіпкерлік субъектілері негізінен дезинфекциялық құралдардың болмауы, жұмыс, маска режімін және т.б. сақтамаған. Мысалы, Алматы қаласы Түрксіб ауданының мониторингтік тобының жұмысы барысында "Ламази" мейрамханасында 60 адамға арналған үйлену тойын (құдалық) өткізген. Осыған ұқсас заң бұзушылық Медеу ауданындағы "Айлина" мейрамханасында тіркелген. Кәсіпкерлердің әрқайсысына қатысты хаттама толтырылып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
17 тамыздан бастап осы уақытқа дейін мониторингтік топтар 9 мыңнан астам тексеру жүргізген. Әкімшілік тәртіп бұзу туралы 3 756 хаттама толтырылып, 1635 нысан өз еркімен қызметін тоқтатқан. Маска режімін бұзғаны үшін 3366 жеке тұлғаға, оның ішінде Арбат аумағында - 69 адамға айыппұл салынды. Карантин шараларының сақталуын бақылау жөніндегі жеке жұмыс қоғамдық көлікте жүргізіледі. Ал 27 тамыздан бергі аралықта маска тақпағаны үшін 61 жеке тұлғаға айыппұл салынған.