Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2020

Кентаулық 600 отбасы баспаналы болады

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Кентау қаласында былтырдан бастап салынып жатқан 60 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға таяу. Баспана кілттері мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар мен түрлі санаттар бойынша кезекте тұрған тұрғындарға жыл соңына дейін қаланың 65 жылдық мерейтойына орай табысталатын болады.

Кентаулық 600 отбасы баспаналы болады

«Жалпы саны 600 пәтері бар үйлердің аймағы  33240 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып, балалар ойын алаңшаларымен тұрғындарға арналған демалыс орындарымен қамтылатын болады», дейді Кентау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ерлан Алдыбаев. Қалада сонымен қатар 5 қабатты 25 пәтерден тұратын 96 тұрғын үйдің жобалау сметалық құжаттамасы әзірленген. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Жалпы аумағы 151368 шаршы метрді құрайтын үйлер 15 шағын ауданда бой көтереді.