АҚШ Қорғаныс министрлігі бейнебақылау жүйесін орнатумен қатар, жұмысының барлық ақысын төлеп берді. Осы мәселеге орай Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры, ғалым Ерлан Батырбековтің айтуынша, полигонда осымен екінші жыл қатарынан аса маңызды стратегиялық нысандар қорғауға алынып отыр.

Америкалық әріптестер мен ҚР ҰЯО мамандары өзара бірігіп, Дегелең таулы аймағындағы бейнебақылау жүйесін арнайы сынақтан өткізіп, бір жыл ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды. Бақылау жүйесі полигонның қауіпті аймақтарына бөгде адамдардың кіріп кетуін қадағалайды. Күдікті жағдайда бірден белгі беріліп, болып жатқан оқиғалар онлайн-жүйеде көрсетіледі.
Алдағы уақытта полигонның қауіпті тұстарынан басқа да жерлері толықтай осындай құралмен жабдықталмақ. Полигонның инфрақұрылымын тарату, жою барысында АҚШ, Ресей, Қазақстан бірігіп, радиациялық қауіпсіздікті де қолға алуда. «Полигондағы қорғаныс жұмыстары дер кезінде қолға алынып отыр және бұған орай жұмыстар өте мықты жүргізіліп жатқандығы туралы Сеул саммитінде үш елдің президенттері атап айтқан болатын», деді Ерлан Ғаділетұлы.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.
Курчатов қаласы.