Қоғам • 16 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда антисептикалық құралдардың бағасы өсті

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жаз айларында антисептикалық құралдар мен жекелеген дәрілерге (қызуды төмендететін) сұраныс өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда антисептикалық құралдардың бағасы өсті

Бұл аталған өнімдер бағасының өсуіне алып келді.

2020 жылдың тамыз айында фармацевтикалық өнімдер бағасы 8,7%-ға дейін өсті. Бағаның ең жоғары жылдық өсуі коронавирус індетін емдеу және алдын-алу үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер мен тауарларға тиесілі:

  • антисептиктер 26,1%-ға;
  • корвалол – 22,4%-ға;
  • қызуды төмендететін дәрілер - 14,8%-ға;
  • шприцтер 8,9%-ға қымбаттаған.