Сенат депутаттары Үкімет пен Ішкі істер министрлігіне учаскелік инспекторлардың еңбек жағдайларын қайта қарауды, штат кестесін ұлғайтуды, еңбекақысын көтеруді және өзіне тән емес міндеттерден босатуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін сенаторлар Андрей Лукин, Нұрлан Бекназаров және Сұлтанбек Мәкежанов инспекторлардың қандай жағдайда қызмет атқаратынын көру және бар мәселелерді талқылау үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы №14 және №22 учаскелік полиция пункттерінде болды.
Қолданыстағы нормативтер бойынша бір учаскелік инспекторға қалада – 2300, ауылдық жерлерде 1800 адамнан келуі тиіс. Ал іс жүзінде бүгінде орташа есеппен бір учаскелік инспекторға қалада 4000-ға дейін адам келеді, ауылдық жерлерде 5000-ға дейін жетеді.
"Соңғы кезде елімізде отбасылық-тұрмыстық жанжалдар саны екі есеге жуық өсіп отыр. Бұл техникалық және материалдық базасы нашар, еңбекақысы төмен учаскелік инспекторларға едәуір ауыртпалық және соның салдарынан кадрлар көп тұрақтамайды. Статистика бойынша, учаскелік полиция қызметкерлерінің жартысынан азы үш жылдан көбірек уақыт қызмет етеді", – деді сенатор Андрей Лукин.
Қазіргі таңда жұмыс істеп жүрген учаскелік полиция инспекторларының жүктемесі белгіленген нормадан екі есе асып түседі.
"Құқық бұзушылықтың алдын алу рөлі төмендеп және кейбір аймақтардағы ЖПҚ бөлімшелерінің қызметі көбінесе абаттандыру ережелерін сақтауға, рұқсат етілмеген саудаға жол бермеуге, санитарлық жағдайды қамтамасыз етуге және бюджетті толықтыруға бағытталған. Учаскелік инспекторлардың сотқа дейінгі тергеу аясында тергеушілердің жекелеген тапсырмаларын орындау фактілері анықталды", – деді сенатор Андрей Лукин.
Сенат депутаттарының ақпараты бойынша учаскелік инспекторлар күн сайын селекторлық кеңестерге қатысады. Кейіннен нұсқаулық өткізіледі, ол көбінесе күндізгі 11-ге дейін жалғасады. Жалпы, учаскелік инспекторларды спорттық, мәдени іс-шаралар, жоғары лауазымды шенеуніктердің сапарлары кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін негізгі жұмыстан алшақтату барлық өңірлерде қалыпты жағдайға айналған.
Осылайша, бүгінде учаскелік инспектор өзіне тән емес функцияларды орындауға орта есеппен 14-тен 16 сағатқа дейін уақыт жұмсайды. Бұл оның қажет кезде учаскеде болмауына және алдын-алу жұмыстарының жеткіліксіздігіне әкеледі. Мұндай жағдай әсіресе, бір учаскелік инспектор бір-бірінен едәуір қашықтықта (кейде 70 шақырымға дейін), сондай-ақ, аудан орталығынан (кейде 400-500 шақырымға дейін) орналасқан 3-5 елді мекенге қызмет көрсететін ауылдық жерлерге қатысты.
Бұл жүктелген міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік бермейді, сондай-ақ, халықтың полицияға деген сеніміне селкеу түсіреді. Соның салдарынан учаскелік инспекторлар тікелей міндеттерімен тәулігіне 2-3 сағат қана айналысады.
"Учаскелік инспекторлар өте қолайсыз жағдайда, жартылай қираған ғимараттарда, жылу, жарық, табиғи жарық, санитарлық тораптар, қажетті ұйымдастыру техникасы жоқ жерлерде жұмыс істеуге мәжбүр. Елордадағы жағдай да осындай", – деді Андрей Лукин.
Үш мыңға жуық учаскелік полиция пункттерінің 40 пайызында телефон байланысы жоқ, 1700-ден астамы әкімдіктер мен өзге де ұйымдардың ғимараттарында орналасқан. Онда күнделікті жұмысты жүзеге асыру, жеткізілген адамдарды ұстау үшін қажетті жағдайлар жасалмаған. Олар әкімдіктер мен басқа да ұйымдардың мамандарымен бір кабинетте отыруға мәжбүр. Одан бөлек, 1750-ге жуық учаскелік пункт ІІМ мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің ақпараттық жүйелеріне қосылмаған, жартысынан көбі жөндеуді қажет етеді.
Сенат депутаттары учаскелік инспекторларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне де назар аударып, жергілікті атқарушы органдар мен салалық мекемеден оны оң шешуді сұрайды. Шалғай ауылдық аудандардағы инспекторлардың жартысы қызмет орны бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген, бұл жедел әрекет ету үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады. Республикалық қамтамасыз етудегі ІІО басқа қызметтерімен салыстырғанда учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілеріне тұрғын үйді жалға алғаны үшін ақы төленбейтінін де атап өткен жөн.
Қызметтік автокөліктің, радиостанциялардың, кеңсе техникасының жағдайы жақсы емес. Ұйымдастыруға қатысты көп проблеманың болуы учаскелік полиция инспекторларының өз міндеттерін сапалы орындауына мүмкіндік бермейді. Ал полицияның келбеті мен халықтың оған деген сенімін арттыру көбінесе учаскелік инспекторларға байланысты.
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
Алматыда өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды
Аймақтар • Бүгін, 16:07
Елордадағы Алматы ауданының тұрғын алаптары үшін мобильді пошта жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 16:03
Мұрат Әйтенов ерекше бала тәрбиелеп отырған ана мен ардагерлерді құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Спорт • Бүгін, 15:59
Қорғаныс министрі аяулы аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 15:57
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 15:56
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Бүгін, 15:00
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Роман Скляр мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сату туралы айтты
Үкімет • Бүгін, 14:11
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Бүгін, 13:51
Экономика • Бүгін, 13:31
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Бүгін, 12:51
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Бүгін, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:40
Елорданың бизнес өкілдері «Ashyq» қосымшасының артықшылықтарын атап өтті
Елорда • Бүгін, 12:36
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:30
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Бүгін, 12:27
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 12:25
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Қай қан тобындағы адамдар коронавирус жұқтыруға бейім?
Әлем • Бүгін, 11:52
Аймақтар • Бүгін, 11:38
Бақытжан Сағынтаев Алматының сел жүруі мүмкін қауіпті аймақтарын аралады
Қоғам • Бүгін, 11:38
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Emirates жолаушыларына қосымша орын сатып алуға рұқсат етілді
Әлем • Бүгін, 11:33
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Бүгін, 11:30
Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады
Спорт • Бүгін, 11:28
Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қашан қалыпқа түседі?
Қоғам • Бүгін, 11:25
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Бүгін, 11:18
Әлем • Бүгін, 11:17
Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын 17 орталық ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:11
Қазақстан интернеті ең арзан елдердің ондығында тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:54
Президент: Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті
Президент • Бүгін, 10:51
Тірі туысын «жерлемекші» болған алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ келісімі аясындағы қадамдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 10:46
Шығысқазақстандықтарға жаңа Экологиялық кодекстің негізгі ережелері түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:39
Қазақстан елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 10:29
Нұр-Сұлтанда 2021 жылы тақырыптық саябақтар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 10:26
Василий Левит Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 10:23
2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Түркістаннан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билет сатыла бастады
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
Үкімет • Бүгін, 10:04
Экономика • Бүгін, 10:01
Ақпан айында ЭЕБ-дағы бос орындар саны 5,3 мыңға өсті
Қоғам • Бүгін, 09:56
Жаяуларды сыйламайтындар енді оңай жазаланады
Аймақтар • Бүгін, 09:52
Римдегі жарыстың алғашқы күні жеті жүлде алдық
Спорт • Бүгін, 09:50
Еліміздің 7 өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Түркияда тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 09:40
Елордада оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:25
Аймақтар • Бүгін, 09:23
Қазақстанда тағы 840 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:20
Бір тәулікте пневмонияның 44 жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:15
Мемлекеттік қолдау - кәсіпорындардың дамуына жол ашады
Аймақтар • Бүгін, 09:12
Өткен тәулікте қанша адам вирус жұқтырғаны белгілі болды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Руханият • Бүгін, 08:39
Қоғам • Бүгін, 08:39
Шетелдік жанкүйерлер қатыспайды
Спорт • Бүгін, 08:37
Әлем чемпионаты Алматыда өтеді
Спорт • Бүгін, 08:36
Спорт • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:19
Қоғам • Бүгін, 08:17
Қоғам • Бүгін, 08:16
Ұқсас жаңалықтар