Шымкентте Nur Otan партиясы праймеризінің қатысушылары арасында ашық пікірсайыс додасы басталды. Бүгінгі таңда праймеризге қала бойынша 173 азамат қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Праймериздің үшінші кезеңіне сәйкес алғашқы дебаттар Абай ауданы бойынша қатысушылар арасында күніне 2 мезгіл өткізіліп, оған 28 үміткер қатысқан.
Бүгінгі өткен праймеризге қатысушылардың пікірсайысына Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.
– Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл жаңа бастамасы – адалдық пен ашықтықтың жаңа үлгісін көрсетіп отыр. Осы арқылы партияның ашықтықты қолдайтынын және халықпен бірге екенін көруге болады. Мұнда ашық диалог кезінде қолданысқа енгізуге болатын түрлі ұсыныстар да айтылып жатыр. Саяси додаға қатысып жатқан барша әріптестерге сәттілік тілеймін, – деді филиал төрағасы.
Айта өтейік, 7-14 қыркүйек аралығында партияішілік іріктеудің екінші "үгіт" кезеңі өтті. Екінші кезең бойынша 570 кездесу өткізілген, оның 239-ы онлайн-форматта өтті. Кездесулерге 21 мыңнан астам партия мүшесі тартылды. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде насихаттау жұмыстары жүргізілген.
Ал 14-30 қыркүйек аралығында қатысушылар арасында ашық пікірсайыстар өтеді. Олардың тәртібі жеребе бойынша анықталған. Ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жарыссөздер кестесі мен орны Primaries веб-сайтында және партия филиалының ресми аккаунттарында жариялануда.
Дебаттар эпидемиялық жағдайды ескере отырып өткізілуде, бөлмелерде зарарсыздандырғыштар орнатылған. Сондай-ақ медициналық бетпердесіз келген қатысушылар мен көрермендерге алдын-ала медициналық маскалар дайындалып, кіреберісте контактісіз тәсілмен дене қызуы тексерілуде.
Пікірсайыстар партия филиалының ресми аккаунттары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.
«Ясауи ізімен» экспедициясының көкжиегі кеңейеді
Руханият • Кеше
Тариф тұрғындарды тығырыққа тіремеуі тиіс
Қазақстан • Кеше
Ресей президентінің кезекті жолдауы
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Президенттік институт – пәрменді билік
Елбасы • Кеше
Өзегіне ұлт мінезі ұялаған «Салтанат»
Өнер • Кеше
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
Тоқішек пен тікішек обырларына шалдыққандар неге көбейді?
Медицина • Кеше
Екпе салдырушылар саны артып келеді
Аймақтар • Кеше
Дәрігерге «құрылысшы» киімі сатып алынғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
АҚШ санкциясы Қазақстанға әсер ете ме?
Қазақстан • Кеше
Ақтоғайдан Алматыға, одан кейін Бордо...
Спорт • Кеше
Қоғамдық кеңестердің өкілеті едәуір артады
Қазақстан • Кеше
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар