Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенованың айтуынша, облыстағы 234 мектепте 208000 оқушы қашықтықтан және эпидемиологиялық жағдай тұрақты шалғай елдімекендерде орналасқан 208 мектепте 30681 оқушы дәстүрлі түрде білім алуда. Жалпы, қашықтықтан оқитын мектептердегі бастауыш сыныптарда 3727 "кезекші сыныптар" ашылып, онда дәстүрлі түрде 51420 оқушы оқып жатыр.
Қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында мектептердің теңгеріміндегі 17545 дана компьютер аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім алуды қажет ететін балаларға берілді. Ал, 26483 дана компьютерлік техника сатып алуға республикалық бюджеттен 4,1 миллиард теңге бөлінген. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу аудандарының және Тараз қаласының мектептеріне 2030 планшет таратылды.
"Енді қыркүйек-қазан айларында 2756 компьютер, 20156 ноутбук, 1541 планшет алынып, оқушыларға таратылатын болады. Бұдан бөлек, қашықтықтан оқитын мектептердегі аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балаларын, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды интернетпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен сатып алынатын 22904 роутердің 3107-сі мектептерге жеткізілді. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады", деді басқарма басшысы.