Елбасы • 16 Қыркүйек, 2020

Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

388 рет көрсетілді

Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде халықтың денсаулығы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Ең алдымен Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, әскери қызметкерлердің және коронавирус инфекциясымен күресуге үлес қосқан басқа да сала өкілдерінің жанқиярлық еңбегін атап өтті.

Кездесу барысында Денсаулық сақтау министрі А.Цой қазіргі эпидемиялық қауіп-қатерлерге дайындық туралы баяндама жасады. Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Ұлттық экономика министрі Р.Дәленовтің әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі тәуекелдері мен оларды алдын алу шаралары туралы, сондай-ақ Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың білім беру процесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері туралы есептерін тыңдады.

Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық пандемияның "екінші толқынына" ресурстарды дайындау, алдын-алудың кешенді шараларын әзірлеу қажеттігін, сондай-ақ сырқаттану деңгейін шынайы бағалау мен болжаудың маңыздылығын атап өтті.

– Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму болжамын, қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктердің тұжырымдамалық жоспарын әзірлеу қажет. Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму жоспарын бүгінгі жағдайларды ескере отырып, тағы да пысықтау керек. Біз пандемиямен күрестің ең қиын сценарийіне және онымен байланысты қауіп-қатерлерге дайын болуымыз керек, – деді Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы.

Сонымен бірге кездесу барысында құқық қорғау органдарына қылмыстық ахуалдың нашарлауына және қылмыстың өсуіне жол бермеу, сондай-ақ алдын алу шараларын әзірлеу тапсырылды.

– Халықты азық-түлікпен және дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы мен тарифтерді негізсіз өсіруге жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдау маңызды. Сондай-ақ жылыту маусымына сапалы дайындық жасап, басқа да өзекті стратегиялық мәселелерге көңіл бөлу керек, – деп қорытындылады Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы.

Соңғы жаңалықтар

Білім – басты құндылық

Аймақтар • Бүгін, 17:10

Көкпектіде саябақ ашылды

Аймақтар • Бүгін, 15:48

Маңғыстауда дельтаплан құлады

Аймақтар • Бүгін, 11:24

Елімізде тағы 55 адам індеттен айықты

Коронавирус • Бүгін, 09:00

Алыстан жеткен алғыс

Аймақтар • Кеше

Тазалық бірдің емес, мыңның ісі

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Қала күні онлайн форматта аталып өтеді

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Байтұрсынов атындағы байқау өтті

Қоғам • 18 Қыркүйек, 2020

Облыс әкімі Сырдария ауданына болды

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Үш тілдің үздіктері анықталды

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Халықаралық семинар-кеңес өтті

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2020

Ұқсас жаңалықтар