Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2020

Мамандар Алматыдағы үйлерді өрт қауіпсіздігіне тексерді

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі Департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғаныс полковнигі Арман Байгелов жылыту маусымы алдындағы өрт қауіпсізідігі барысымен таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Мамандар Алматыдағы үйлерді өрт қауіпсіздігіне тексерді

Фото авторы: Максим Золотухин

Бүгінде Алматы қаласы бойынша қатты отынмен жылытатын 1899 тұрғын үй бар, олардың 605-і халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының баспаналары. Арман Байгелов жылыту маусымында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Алматы қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті алдын алу шараларын жүргізіп, өрттің алдын алу көмегіне мұқтаж әлеуметтік жағынан осал топқа жататын 945 үй жеке топқа бөлінгендігін атап өтті.

"Бүгінгі таңда Департамент жергілікті полиция қызметі және әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, әлеуметтік осал топқа жататын 945 үйді тексерді. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен улы газды анықтайтын 40 датчик сатып алынып, орнатылды. Датчиктар әлеуметтік осал және жағдайы төмен топтағы азаматтадың үйлеріне орнатылуда", деп хабарлады Арман Байгелов.

Соңғы үш жыл ішінде барлығы 1181 датчик орнатылды. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы 3722 жадынама таратылып, бұрын орнатылған датчиктердің жұмысқа жарамдылығы және оларға техникалық жарамдылығы тексерілді.