Қаржы • 17 Қыркүйек, 2020

Айыппұл санкциясы қарастырылмайды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өткен салық кезеңдері үшін қарыздар 1 қазанға дейін өтелмеген жағдайда өсімпұлдардан басқа 8 АЕК (шамамен 20 мың теңге) мөлшерінде айыппұл есептелетіні туралы ақпарат таратылуда.

Айыппұл санкциясы қарастырылмайды

Қаржы министрлігінің Мем­лекеттік кірістер комитеті бұл ха­барламаның шындыққа сәй­кес келмейтінін ресми түрде мәлім­деді.

Қолданыстағы Салық ко­дексінде салық міндеттемесін орындау мерзімі өткен әр­бір күн үшін берешек сома­сы­на өсімпұл есептеу қа­рас­­­тырылған, бұл ретте, заң­­на­мамен айыппұл санкциялары қа­растырылмаған.

Жер және мүлік салығы бо­йын­ша алдағы төлемдер туралы, сондай-ақ салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты «Е-Salyk» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» сервисінен білуге болады. Мұнда есептелген сомаларды екінші деңгейлі банктердің, «Қазпошта» АҚ төлем карталарының кө­­­ме­гімен толтырылған деректемелер бойынша төлеуге болады.

Бұдан басқа, салық әмия­ны қызметінде меншік құқы­ғында тіркелген салық салу объек­­тілерін қарау мүмкіндігі бар. Кө­лік құ­ралдары мен жыл­жы­майтын мү­лік объектілері бойынша қате мә­ліметтер бол­ған жағдайда он­лайн режім­де түзетуге, оның ішінде, көлік құ­ралының сипаттамала­рын, иелену құқығын және т.б. өзгертуге өтініш беруге мүмкіндік беретін түзету сервисін пайдалануға болады.

Сондай-ақ ағымдағы жыл­­дың соңына дейін жеке тұл­ғалар үшін салықтық ра­қым­шылық қолданылады, қағи­даларға сәйкес жеке тұлға мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары са­лығы бойынша борыштың не­гізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шы­ға­рылады. Бұл ретте салықтық рақымшылық 2019 жылғы мүлік салығы және жер салығы бойын­ша міндеттемелерге қолда­ныл­майды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10