Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2020

Елімізде пневмониямен 263 адам ауырып, 3 адам көз жұмды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстіміздегі жылдың 17 қыркүйекте коронавирустық инфекциядан 3 916 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде пневмониямен 263 адам ауырып, 3 адам көз жұмды

Олардың арасында 35 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 202 науқас жатыр. 1 714 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 115 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

2020 жылғы 17 қыркүйектегі жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

Өткен тәулікте 263 жағдай тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 72 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 30 337, өлім жағдайлары - 335, барлығы 26 478 адам сауығып шықты