Әлем • 17 Қыркүйек, 2020

Уханға алғаш рет жеті айдан бері халықаралық ұшақ қонды

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Уханға коронавирус инфекциясы таралғалы бері алғаш рет халықаралық ұшақ қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Уханға алғаш рет жеті айдан бері халықаралық ұшақ қонды

Жеті айдың ішінде алғаш рет Қытайдың Ухан қаласының әуежайына халықаралық жолаушылар ұшағы қонды.

Коронавирус пандемиясы басталғалы бері халықаралық әуе рейстері тоқтатылған болатын.

Xinhua агенттігінің хабарлауынша, Сеулден Уханьға ұшып шыққан T'way Airlines ұшағы Қытай уақытымен 10:48-де әуежайға қонған. Қалаға келген барлық жолаушы арнайы қонақ үйлерге жіберілді, онда олар екі апта бойы карантинде болады.