Әлем • 17 Қыркүйек, 2020

The Beatles туралы жаңа кітап 20 жылдан кейін алғаш рет жарыққа шығады

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың тамызында аты аңызға айналған британдық The Beatles тобының жаңа кітабы жарық көреді, деп хабарлайды Egemen.kz Super Delux Edition сайтына сілтеме жасап.

The Beatles туралы жаңа кітап 20 жылдан кейін алғаш рет жарыққа шығады

The Beatles деп аталатын 240 беттен тұратын кітап:

Вet Back соңғы студиялық альбомның құрылу тарихын баяндайды. Ол топ мүшелерінің студиялық сессияларынан 120 сағаттан астам жазылған әңгімелерінен тұрады.

Кітапта фотограф Этан Расселл мен Пол Маккартнидің бұрынғы әйелі Линда түсірген топ мүшелерінің бұрын жарияланбаған фотосуреттері де бар. Кітаптың алғы сөзін британдық жазушы Ханифа Курейши жазған.

Кітаптың сатылымы Режиссер Питер Джексонның The Beatles:

Вet Back деректі фильмінің шығарылуымен сәйкес келеді.

Еске сала кетейік, The Beatles Anthology деп аталатын топтың алғашқы ресми өмірбаяны 2000 жылы шыққан болатын. Кітап 1970 жылға дейін қатысушылармен не болғандығы туралы баяндайды.