Әлем • 17 Қыркүйек, 2020

Әлемдік экономика COVID-19 кесірінен 7 трлн $ жоғалтуы мүмкін

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылды қортындылағанда әлемдік экономикадағы ІЖӨ 7 трлн $ жоғалтуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Les Echos газетіне сілтеме жасап.

Әлемдік экономика COVID-19 кесірінен 7 трлн $ жоғалтуы мүмкін

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ОЭСР) болжамы бойынша SARS-CoV-2 адамзатты осындай орасан қаражаттан айыруы мүмкін көрінеді. Ұйымның бас экономисі Лоранс Бун:

"Бұл-әлемдік экономика үшін ауыр салмақ", дей келе осыған дейін алдағы жылы экономиканың жылдамырақ қалпына түсуі жайындағы бұрын айтылған жорамалдардың қателігін және дүниежүзінің әлі де біраз коронавируспен қоштаса қоймайтынына қынжылыс танытты.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бұрынғы есептеріндегі  болжауда 2020 жылғы ІЖӨ-нің төмендеуі 4,5 пайыз шамасында болады деген-ді. Ал жаңа жорамал оның 6 пайызды құрайтынын болжатып отыр.