Спорт • 17 Қыркүйек, 2020

ҚХЛ коронавирусқа байланысты "Барыстың" алты ойынын кейінге шегерді

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚХЛ "Барыс" командасында коронавирус шықты деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

ҚХЛ коронавирусқа байланысты "Барыстың" алты ойынын кейінге шегерді

"Барыстың" 18 қыркүйек күні ригалық "Динамо", 20 қыркүйек күні "Северсталь", 22 қыркүйек күні "Металлург", 21 қыркүйек күні "Куньлунь", 29 қыркүйек күні "Витязь" және 1 қазан күні "Сочи" командаларына қарсы ҚХЛ-де өтетін ойындары кейінге шегерілді. 

"Барыстың" үш хоккейшісі коронавирус жұқтырып алды

Команда сапында 12 адамнан коронавирустың шығуына байланысты ұжым екі апталық карантинге жабылады. 

Кейінге шегерілген ойындар енді қашан өтетіні туралы Құрлықтық хоккей лигасы басшылары алдағы уақытта қосымша ақпарат береді", - делінген лига таратқан хабарламада. 
 
Айта кетейік, бұған дейін ҚХЛ да өнер көрсететін "Йокерит" командасының бес ойыны кейінге шегерілген болатын. 

"Барыс" командасы болса бұл мәселеге қатысқы әлі ешқандай мәлімдеме жасамады.