Білім • 17 Қыркүйек, 2020

Қазақстандық ЖОО дипломдары Еуропа елдерінде де жарамды болады

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдары Еуропа елдерінде жарамды болады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық ЖОО дипломдары Еуропа елдерінде де жарамды болады

Қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің біліктілігі еуропалық біліктілік санатымен сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру ұлттық біліктілік шеңберінің өздігінен сертификаттау бойынша есебін Болон процесінің хатшылығы қабылдады.

 

2021 жылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының түлектеріне еуропалық стандарттарға сәйкес жаңартылған қосымшалары бар диплом  (Diploma Supplement)  беріледі. Яғни еліміздегі жоғары оқу орындарының дипломдары Еуропа елдерінде жарамды болады. Бұл шетелдік азаматтар тарапынан қазақстандық жоғары білімге деген қызығушылықты арттырады.