Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2020

Коронавируспен ауырып, жазылған адамдар да маска тағуы тиіс

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавируспен ауырып, жазылған адамдар маска тағуды жалғастырып, сақтық шараларын сақтауы тиіс. Бұл туралы Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавируспен ауырып, жазылған адамдар да маска тағуы тиіс

"Коронавируспен ауырып алған адамдар да маска тағып, әлеуметтік қашықтықты ұстану қажет. Ия, иммундық қорғаныс бар, иә, антиденелер пайда болады, антиденелер ғана емес, сонымен қатар жасуша иммунитеті дамиды. Ол қанша уақытқа жететіні белгісі. Оны қазір ғалымдар зерттеп жатыр", дейді Алмаз Шарман.

Оның айтуынша, коронавируспен ауырып, жазылған адамдар маска тағуы тиіс.

"Сіз ауырмасаңыз да, вирус сіздің ауыз қуысыңызда болып, өзгелерге тарап кетуі мүмкін. Маска өзіңізді емес, маңайыңыздағыларды қорғау үшін керек. Маска айналаңызды қауіпті індеттен қорғайды. Сондықтан баршаңызды маска тағып жүруге шақырамын. Бүкіл әлем дәрігерлері өте маңызды, кең ауқымды  проблемаларға тап болды. Сондықтан, күзгі-қысқы маусымда және болуы мүмкін коронавирустың екінші толқынын  адамдар мұның бәрін байыпты  қабылдауы керек. Жаңа індеттер Еуропа мен Азияның әртүрлі елдерінде пайда болады. Бұл күзгі кезеңге, күннің салқындауына  байланысты. Қазір көп нәрсе біздің өзімізді қалай ұстайтынымызға байланысты. Біз арақашықтықты  сақтап,   маска тағып, жалпы гигиена ережелерін сақтауды жалғастырамыз. Сондықтан егер Қазақстанда эпидемияның екінші толқыны болатын болса, оның қаншалықты қауіпті болатыны тікелей өзімізге байланысты болмақ", деді Алмаз Шарман.