Спорт • 17 Қыркүйек, 2020

Қазақстан құрамасы жаңартылған ФИФА рейтингінде 118 орынды сақтап қалды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде 118 орынды сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан құрамасы жаңартылған ФИФА рейтингінде 118 орынды сақтап қалды

Жаңартылған тізімнің үздік үштігінде ешқандай өзгеріс жоқ. Көшбасында Бельгия құрамасы тұрса, Франция екінші орында, Бразилия үшінші сатыда. 

ФИФА рейтингі:

1 (1). Бельгия - 1773 ұпай;
2 (2). Франция - 1744;
3 (3). Бразилия - 1712;
4 (4). Англия - 1664;
5 (7). Португалия - 1653;
6 (5). Уругвай - 1645;
7 (8). Испания - 1642;
8 (6). Хорватия - 1628;
9 (9). Аргентина - 1623;
10 (10). Колумбия - 1622;
...118 (118). Қазақстан - 1156.

Айта кетейік, Ұлттар лигасының жаңа маусымында Михал Билек баптайтын Қазақстан құрамасы екі кездесу өткізді. Бірінші кездесуде біздің құрама сырт алаңда Литваны 2:0 есебімен жеңсе, Алматыда Беларусь құрамасынан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Енді Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 10 қазан күні өз алаңында Албания құрамасына қарсы өткізеді.