Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде егде жастағы науқас ауыр жағдайда "Асар" шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына жеткізілген. Науқастың өкпесін томографиялық тексеруден өткізген дәрігерлер, өкпе тінінің 55%-ға зақымдалғанын және созылмалы асқазан-бауыр жарасы бар екенін анықтады.
Дәрігерлер науқасты арнайы бөлімге жатқызып, вирусқа қарсы терапия жүргізді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Дүйсебекова Қызтай кеселден құлантаза айығып, туған күнінде ауруханадан шығарылды. Науқас білікті медициналық көмек пен дұрыс күтім жасағаны үшін дәрігерлерге алғысын білдірді.
"Әжеміз ауруханаға түскен кезде жағдайы өте нашар еді. Науқасқа тиісті ем-дом шараларын жүргізудің нәтижесінде оның денсаулығы күн санап жақсара түсті. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы бірқалыпты", дейді дәрігер Ләззат Тіленшина.