Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2020

Павлодарлық шахматшы дүниежүзілік онлайн олимпиадада көзге түсті

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жас шахматшы Денис Махнев мүмкін болған 5 ұпайдан 3,5 ұпай жинады, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарлық шахматшы дүниежүзілік онлайн олимпиадада көзге түсті

Облыстық туризмді және спортты дамыту басқармасының мәлімдеуінше, 23 тамызда шахматтан дүниежүзілік онлайн олимпиада аяқталған.

Топтық турнир chess.com ойын платформасында өтті. Турнирде 163 ұлттық құрама мен 1500-ден астам әлемнің үздік шахматшылары бақ сынады.

"Қазақстан құрамасының сапында павлодарлық жас шахматшы Денис Махнев сынға түсті. Денис 6 кездесу өткізіп, 3 жеңіс, 1 тең ойынға қол жеткізді. 2 ойында есе жіберді. Әзербайжан, Испания, Нидерланд елдерінің спортшыларын ұтса, Словакия ойыншысымен тең түсті. Ал, Денистен басым түскендер халықаралық гроссмейстерлер венгриялық Адам Козак пен украиналық Кирилл Шевченко", деді Павлодар облысының шахматтан аға жаттықтырушысы Арман Габдушев.


Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы В тобында 4-орынға табан тіреп, финалға өте алмады.

Денис Махнев 6 ұпайдан 3,5 ұпай жинап, құрама сапындағы жоғары көрсеткіштердің біріне қол жеткізді.