Абай • 18 Қыркүйек, 2020

Ұлы ақынның жаңа бейнесі

361 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Қызылжарда ерекше ескерткіш жасалып жатыр. Ол Абай және Мұхтар Әуезов көшелерінің қиылысындағы бес қабатты үйдің қабырғасын тұтас алғалы тұрған ақынның бейнесі салынған панно.

Ұлы ақынның жаңа бейнесі

Қала басшылығының қол­да­уымен оны іске асырып жатқан ал­матылық суретші Болат Әсербеков. Туындыны осылай жасауды ұсынған да сол. Портрет керамикалық пли­талардан қа­лануда. Ол қыстың суығына, жаз­дың ыстығына төтеп береді. Оның үстіне бетіне шаң қон­байтындай етіп арнау­лы май­мен жылтыратады екен. Ақын пор­третінің айналасына қазақы өрнек­тер қаланбақ. Жұмысты жүргізіп жа­тқан Ал­матыдан арнайы келген құры­лысшылар.

Айтуларына қарағанда, ұлы ақын­ның мұндай бейнесі еліміздің басқа ешбір жерінде жоқ. Рас, өскемендік шеберлер үйдің қабырғасын тұтас алған панно жасаған, бірақ ол ғима­раттың ішінде болатын. Ал мынау сары аязы сақылдаған Арқаның төрінде, далада түскелі тұр. 

Қазір жұмыстың монтаждау жұ­мыс­тары аяқталған. Енді шеберлер суреттің өзіне кірісіп кеткен. Егер алды­мыздағы 10 күн ашық болса, Абайдың айрықша бейнесі толық жасалып, Қызылжар көр­кін арттыра түскелі тұр. Алайда аяқтан шалатын дүниелер де жоқ емес. Соның ішінде жарнамалық плакаттар мен осы үйдің қабырғасынан ашыл­ған дүкенің кон­ди­цио­нері жұмысқа кедергі кел­тіруде. Бұл мәселе ал­дағы күндерде ше­шіледі дейді құрылысшылар.

Айта кететін жайт, Абайға біздің қала­мызда ескерткіш алғаш рет 2005 жылы қойылған еді. Қаланың қақ ортасындағы сая­бақта бұл ескерткіш Абай мен Пушкинге арнап ашылған. Енді мына панно Абай бейнесін Қы­зылжар тұрғындарына жақындата тү­сері сөзсіз. Қазірдің өзінде халық оған таңданыспен қызыға қарап жүр.

 

ПЕТРОПАВЛ