Оқиға • 18 Қыркүйек, 2020

Жауынгерлер туған жеріне жерленеді

666 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Қарулы күштері Әскери-әуе күштерінің ұшағы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан Жағыпар Қайларов пен Азықан Нұғымановтың сүйектерін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізді.

Жауынгерлер туған жеріне жерленеді

Қазақстандық сарбаз­дар­дың сүйектері өткен жылы «Еске алу вахтасы» акциясы аясында табылған болатын. Қаза болғандардың медальон­дарында сақталған мә­лі­мет­тері негізінде олар­дың аты-жөндері мен шақы­ру ор­ны анықталды. Азы­қан Нұ­ғы­манов Тверь облысында, Жағыпар Қайларов Ленинградта ұрысқа қатысқан.

Олар Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы мен Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылын­да жерленді. Майданда қаза тапқан жауынгер Азықан Нұ­ғы­мановтың туыстарын табу әзірге мүмкін болмады. Оны жерлеумен Біржан сал ауданы­ның әкімдігі айналысады, оны аудандық әскери комис­са­риат майданға шақырған (бұрын­ғы Еңбекшілдер ауданы). Ал Жетіген кентінде Жағы­пар Қай­­­ларовтың туыстары жауын­герді туған жерінде жер қойны­на тапсыру шарасын үлкен тол­­қы­ныспен күтуде. Жерлеу рәсіміне Қорғаныс министрлі­гінің, жер­гілікті атқарушы орган­дардың өкілдері, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысады.

Қазақстандық жауынгер­лер­дің сүйектерін табыстау және жерлеу бойынша дайындық жұ­­мыс­тары Қорғаныс министр­лі­гінің әскери атташе аппара­т­ы­ның және Қазақстан Респуб­­ли­­ка­­сының Ресей Федера­ция­­сын­дағы елшілігінің жәрдемімен өтті.