Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Қырманда – қызу еңбек

12 рет көрсетілді

Егін орағын еңсеріп тастаған ақмолалық диқандардың бар назары қырмандағы қызылға ауған. Ендігі мақсат – бидай сұрыптарын іріктеп, жауынға ұрындырмай қамбаға құйып алу. Келер көктемдегі тұқымға мән беру.

Асылында мол өнім алудың алғышарттарының бірі – тұқым. «Каменка және Д» серіктестігі облыстағы бидай тұқымын да­йындайтын шаруашылықтардың бірі. Ырыстың алдымен тұқым­ға байланысты екендігін дәлел­дей кетелік. Қазір шаруашы­лықтағы соңғы 637 гектар алқаптың айналым берекесі 35 центнерге жуықтап отыр. Шынтуайтында, бұл – өңірдегі ең озық көрсеткіштің бірі. Құр­ғ­ақшылыққа төзімді, ыстық­тан ықпайды. Дәл биылғыдай жылы егетін-ақ тұқым. Ерте көктемде «боевчанка», «орал-сібір» қатты бидай тұқымын құнарлы топыраққа сіңірген диқандар қоңыр күзде мәуелеп өскен егін орағының жемісін көруде. Орақтың алғашқы он күнінде Атбасар элеваторы мен серіктестіктің өз қоймасына 30 мың тоннадан астам сапалы астық құйылды.

– Соңғы жылдары ал­қап көлемін көбейттік. Агротех­никалық шараларды озық ғылы­ми жетістіктермен ұштастыра жүргізуге мән береміз, – дейді серіктестіктің бас директоры Алексей Джейранов, – екі жылда бір рет демалдырамыз. 30 пайызын парға қалдырып, тыңғылықты өңдеп, тыңайтамыз. Онсыз болмайды ғой. Есесіне бидайдың қамырлылығы 38 пайызға жетіп отыр. Сапалы астыққа сұраныстың да көп болатыны белгілі.

Серіктестіктің егістік алқап­тарында Қостанайда жиналатын 13 «Есіл» комбайны бидай бастыруда. Бір қуантарлығы, комбайн тізгінін кілең жас­тар ұстаған екен. Соңғы жыл­дары шаруашылықтарда механиза­торлардың жетіспейтіндігі туралы мәселе жиі көтеріліп жүр. Ал бұл серіктестікте ілкіден қа­лыптасқан еңбек дәстүрі жақ­сы жалғасын тауыпты. Жас­тардың бейнетті еңбекке ұм­тылуы жалақының молдығы және қолайлы жағдайдың жа­сал­ғандығынан шығар деп топ­шыладық.

– Талай жылдан бері күзгі орақта комбайншы болып жұ­мыс істеймін. Әр күндік жоспарымды үш еседен асыра орындаймын. Күн сайын 60 мың теңгеден төлейді, – дейді озат комбайншының бірі Николай Поталчак, – дені сау адамға на­ғыз табыс табатын уақыт емес пе?

Аудан диқандары егін ора­ғын күн ашық болса, бірер күн­нің ішінде аяқтамақ. Орташа есеппен гектар берекесі 10 цент­нер­ден айналуда. Биыл 424 мың гектар алқапта дән сепкен атбасарлық диқандардың көңілі көтеріңкі. Жаз қабағына қарағанда, өнім мүлде аз болар деп топшылаған. Тамыздың со­ңында екі рет жауған жаңбыр бидайдың бітік өсуіне сеп болыпты.

Егін орағын уақтылы орындау мықты механизатор мен алымды техникаға да байланысты. Аудандағы астық ал­қап­тарында қазір 284 комбайн, 60-тан астам трактор, 58 жүк көлігі пайдаланылуда. Жекелеген шаруашылықтарда жап-жақсы өнім бар. Биыл 12 мың гектар жерге дән сіңірген «Полтавка-20» шаруашылығы небәрі екі аптаның ішінде күзгі дала жұмыстарын мәресіне жеткізді. Шаруашылық басшы­ларының айтуларына қарағанда, жауапты науқан алдында техника мұқият жөнделіп, қатарға қосылған екен. Оның үстіне өнім көлемі де ойдағыдай. Гектар берекесі 16 центнерден айналуда.

 

Ақмола облысы,

Атбасар ауданы

 

Соңғы жаңалықтар

Поэманы суретпен бейнеледі

Аймақтар • Бүгін, 13:35

Еуропадағы антирекордтар

Әлем • Бүгін, 11:54

Өртте өлген мал саны нақтыланды

Аймақтар • Бүгін, 11:40

Қазақстанда доллар арзандады

Экономика • Бүгін, 11:12

Бір саты төмен сырғыдық

Спорт • Бүгін, 08:02

«Шахтёр» жігіттері жарады

Футбол • Бүгін, 08:00

Солердің сенімді жеңісі

Спорт • Бүгін, 07:58

«Мың күбі» мүсіні

Руханият • Бүгін, 07:56

Жер ырыздығы жерде қалмайды

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Экономиканы өзгертетін бес бағыт

Экономика • Бүгін, 07:43

Жетімін жылатпаған ел едік...

Руханият • Бүгін, 07:37

Ақжайықта жол азабы азаяды

Қоғам • Бүгін, 07:34

Шексіздік формуласы

Әдебиет • Бүгін, 07:29

Ұқсас жаңалықтар