Жасыратын несі бар, бәріміз де әділетті мемлекетте өмір сүргіміз келеді. Заңда – үстемдік, сотта әділ төрелік болғанын қалаймыз. Орынсыз айыптау мен негізсіз жауапқа тарту үрдісі айылын жиса дейміз ғой, баяғы. Ол күнге де жетерміз. Адам заңға емес, заң адамға қызмет ететін күн қайтсе де орнайды. Алайда азаматтардың мүддесіне қызмет ететін мемлекетті бір күнде құра алмасымыз анық. Ол үшін ең алдымен құқық қорғау және сот жүйелеріне ауқымды реформа қажет.

Осы мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында да көтерді. «Заң үстемдігі орнықпаса жəне азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, əлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мəнісінде, «Əділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мəселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жəне əділ шешім шығару қажет. Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын əзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек», деді Қ.Тоқаев. Мемлекет басшысының айтуынша, құқық қорғау жəне сот жүйелеріне негізгі рөл жүктеледі. Яғни Жолдаудың басты мәні модернизация, соның ішінде құқық қорғау саласын жаңғырту деп айтуға болады. Бұл қадам еліміздің заңнама, құқық салаларында жасалып жатқан өзгерістердің логикалық жалғасы саналады.
Бүгінде Қазақстан халықаралық қылмыстық әділеттілік индексі бойынша 58-орынға тұрақтап тұр. Алайда құқық қорғау органдарының жұмысында айыптау үрдісі әлі де басым. Яғни сот ісін жүргізудің тиімді моделінсіз қылмыс мәселесіне қатысты сапалы саясат ұстану мүмкін емес. Сондықтан азаматтардың өмірін, құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған күрделі функционалдық өзгерістер қажет. Тәуелсіздік жылдары елімізде осы саланың жұмысын түрлендіруге қатысты халықаралық тәжірибеде қолданылатын бірқатар жекелеген өзгерістер енгізілді. Солай бола тұра, қылмыстық іс жүргізуімізде Кеңес өкіметінің құқық жүйесінен қалған сарқыншақ әлі де бар. Мемлекет басшысы атап өткендей, құқық қорғау жүйесінің жұмысында бұрынғы дағды бойынша айыптауға бейімділік басымдау болып тұр.
Қоғамдық пікір де осы ойды ұштайды. Азаматтар көп жағдайда қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартылады. Тиісінше, құқықтары да бұзылады. Сондықтан қозғалған істің көбісі сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде азаматтарды ақтау негіздері бойынша тоқтатылып келеді. «Себебі қылмысты ашумен айналысатын және іс бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын қызметкерлер бір органда орналасқан. Президенттің айтуынша, істің тоқтатылуына екінші себеп, прокурорлық қадағалау саласының заңнамалық әлсіздігі», деп отыр Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы еуропалық мемлекеттердің үлгісі бойынша үш буынды жүйені енгізуге көшуді бастауды тапсырды. Президент Әкімшілігі жанынан арнайы комиссия құрылды. Үш буынды модельде полиция, прокурор және сот өкілеттіктері нақты бөлінген. Біріншісі – қылмыстарды анықтаумен, ашумен және дәлелдер жинаумен айналысады. Қудалау органдары қылмыс пен кінәні дәлелдегеннен кейін істі прокурорға жібереді. Ол өз кезегінде, объективті түрде қарайды, дәлелдемелер базасын, баптың дұрыс қолданылғанын тексереді. Түпкілікті үкімді сот шығарады. Бұл азаматтардың құқықтарын сақтаудың өзіндік фильтрі және кепілдіктері. Мемлекет басшысының тапсырмасымен келесі жылы 1 қаңтардан бастап біз осы үлгіге көшуіміз керек. Бұл басты процессуалдық шешімдерді, қылмысты анықтау мен оны тергеуден тәуелсіз орган қабылдайтын формат», дейді М.Ахметжанов.
Оның айтуынша, үш буынды модельге көшу мүмкіндігі сонау 2014 жылы қарастырылыпты. Алайда бұл бастама тек ұсыныс сатысында қалып қойған көрінеді. Бәлкім, осыдан алты жыл бұрын мұндай қадамға барудың реті де, уақыты да келмеген болар. Ендігі күні Жолдауды тиімді жүзеге асыру жұмысы жүйелі қолға алынғанға ұқсайды. Мәселен, жуырда Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Павлодар облысына барып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы негізгі шешімдерді келісу бойынша қанатқақты жобаның іске асырылу барысымен танысты.
Бұл жоба Президенттің Жолдауында айтылған азаматтардың конституциялық құқықтарына әсер ететін шешімдерді 2021 жылдан бастап прокурорлармен келісу туралы тапсырманы орындау аясында енгізілуде. Қанатқақты бастама барысында келісу электронды форматта жүргізіледі. Бұл қадам өз кезегінде құқық бұзушылықтардың дереу жолын кесуді қамтамасыз етіп, жазықсыз азаматтарды қылмыстық процесс шеңберіне тартуға жол бермейді. Қазіргі уақытта мұндай механизм Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында сынақтан өткізілуде. Осы жылдың 1 қазанынан бастап оған еліміздің барлық өңірлері қосылады. Осыған байланысты аумақтық прокуратуралар басшыларына заңдылықты бұзудың жолын кесу және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде толық шаралар қабылдау туралы міндет қойылды.
Иә, 1 қазаннан бастап елімізде сотқа дейінгі тергеумен айналысатын барлық құқық қорғау органдары азаматтардың конституциялық құқықтарын қозғайтын істер бойынша негізгі іс жүргізу шешімдерін шығарудың электрондық форматына көшеді. Кез келген процессуалдық шешім шығарылғаннан кейін сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне түсіп, қадағалаушы прокурорға да, қылмыстық процестің басқа қатысушыларына да көрінетін болады. Бұл қадам прокурорларға қабылданған шешімдердің заңдылығын уақтылы бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы электрондық форматта бұзушылық анықталған жағдайда олар шешімнің күшін жоя алады.
«Біздің міндетіміз – азаматтарды қылмыстық процесс орбитасына тартуды азайту. Президент атап өткендей, елімізде кешеуілдеп қадағалау үрдісі әлі бар. Себебі қылмыстық істердің басым көпшілігі қағаз жүзінде жүргізіледі. Іс қағаз жүзінде жүргізілгендіктен құжатты қолдан жасауға, өзгертуге болады. Сондықтан қылмыстық процесті цифрландыру жұмысы – азаматтардың құқығын қорғау кезінде тиімді құралы болуға тиіс. Өздеріңіз білетіндей, 2018 жылдан бастап Бас прокуратура электрондық қылмыстық істі енгізуде. Қазірдің өзінде істердің 37%-ы цифрлық түрде тергеледі. Электрондық жүйеде манипуляция жасау және бұрмалау мүмкін емес», деп отыр М.Ахметжанов.
Оның айтуынша, электрондық материалдарды адвокаттар да қолдана алады. Жүйе полиция басшылығы мен қадағалаушы прокурорға істің тергеу барысын онлайн режімде бақылауға мүмкіндік береді. Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау үшін 1 қазаннан бастап республикадағы барлық сотқа дейінгі тергеу органдары осындай режімге көшірілмек.
Жыл санап еліміздегі қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны айтарлықтай азайып келеді. Өткен 8 айда тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтардың саны былтырмен салыстырғанда 35%-ға аз. Оған ең алдымен Мемлекет басшысының өткен жылғы тапсырмалары негізінде заңның қатаңдағаны себеп болған сыңайлы. Мәселен, мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікті қатаңдату шаралары арқылы мұндай бұзушылыққа баратын адамдардың саны 30%-ға (17413-тен 12311-ге дейін) төмендеп отыр. Сонымен қатар жол апаты оқиғалары 26%-ға (7 093-тен 5 260-қа дейін), соның ішінде өліммен аяқталған жағдайлар 16%-ға (850-ден 712-ге дейін) азайды. Яғни елімізде заң үстемдігі орнап келеді деуге болады. Адамдар бірте-бірте құқық бұзуға құлықсыздық танытып келеді. Ол да қуантарлық жағдай. Бұл ретте Мемлекет басшысының биылғы Жолдауда белгілеп берген бастамалары да өз жемісін береді деп сенеміз.
P.S. Ең бастысы, отандастарымыз заң қатаңдайды, түрлі реформа жүргізіледі деп емес, осы қабылданған заңдар мен жүргізілген реформалардың жеме-жемге келгенде орындалу-орындалмауын ойлап алаңдайды. Қалтасы қалың қылмыскерлер құтылып, жазығы жоқ жарлы-жақыбайлар тұтылып қалмаса дейді. Педофилдер мен зорлық-зомбылық көрсетушілерді халықтық жазалауға беруді талап ететіні де – осыдан. Сондықтан қазақстандықтар Президент ұсынған үш буынды модельден үлкен үміт күтіп отыр.
Көкшетауда сауда үйінің терезесінен құлаған жігіт мерт болды
Аймақтар • Кеше
Киік мүйізінің 293 данасы тәркіленді
Оқиға • Кеше
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • Кеше
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • Кеше
Елорда әкімі мердігерлерге ыңғайлы жол салуды тапсырды
Елорда • Кеше
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • Кеше
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • Кеше
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • Кеше
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • Кеше
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • Кеше
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • Кеше
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • Кеше
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • Кеше
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • Кеше
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • Кеше
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1511 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда бір күнде 2734 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті
Саясат • 09 Сәуір, 2021
Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді
Спорт • 09 Сәуір, 2021
Қазақстан елшісі Швецияның Сыртқы істер министрімен кездесті
Саясат • 09 Сәуір, 2021
ШҚО-да тұрғындар эвакуацияланды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қазақстанда қанша микроқаржы ұйымы жұмыс істейтіні белгілі болды
Экономика • 09 Сәуір, 2021
Президент Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдерінің есебін тыңдады
Президент • 09 Сәуір, 2021
Елбасы Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Елбасы • 09 Сәуір, 2021
Биыл 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен келіссөз өткізді
Үкімет • 09 Сәуір, 2021
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қостанай облысында жаппай вакцина егу басталады
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
М.Әйтенов: Халыққа вакцина егудің маңыздылығын қарқынды насихаттау керек
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр?
Руханият • 09 Сәуір, 2021
Президент ғарыш саласының мамандарына ризашылығын білдірді
Президент • 09 Сәуір, 2021
Ұйғыр ауданының судьясы жемқорлық фактісімен күдікке ілінді
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Түркістан облысында вегетациялық маусым қалай өтеді
Экология • 09 Сәуір, 2021
Алматыда тау баурайы отқа оранды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қабдеш Жұмаділовтің соңғы сұхбаты эфирге шығады
Руханият • 09 Сәуір, 2021
Филипп ханзаданың қазасы: Ұлыбританияда ұлттық аза тұту күні жарияланды
Әлем • 09 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 7 тойхананың жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Әйелдер ипотекасы қашан іске қосылатыны белгілі болды
Экономика • 09 Сәуір, 2021
Қазақстандық вакцина қашан дайын болады?
Қазақстан • 09 Сәуір, 2021
Жемқорлық: «СҚ-Фармацияның» экс-басшысына қатысты істің жайы белгілі болды
ANTIKOR • 09 Сәуір, 2021
Полиция қызметкері 14 жастағы қызды өлімнен аман алып қалды
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Президент елдегі жолдардың сапасына қатысты сын айтты
Президент • 09 Сәуір, 2021
Батыс Қазақстанда өзен жағасынан малдың өлекселері табылды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Алматыда карантин күшейтіле ме?
Коронавирус • 09 Сәуір, 2021
Алматы полициясы мылтықтан оқ атқандарға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Тбилисиде грузин тіліндегі Абай өлеңдерінің жинағы жарық көрді
Абай • 09 Сәуір, 2021
Қызылорда облысында заңсыз балық аулаудың екі дерегі анықталды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
ШҚО: Қызға қол көтерген басқарма басшысы жұмыстан қуылды
Оқиға • 09 Сәуір, 2021
Елордада тарауих намазы мен ауызашар рәсімдері өткізілмейді
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның алдағы міндеттері қандай?
Үкімет • 09 Сәуір, 2021
Коронавирус вакцинасы оразаны бұзбайды - Жанна Пірәлиева
Коронавирус • 09 Сәуір, 2021
Зейнетақыға үстемеақы қосылатыны рас па?
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Ақтөбеде 10 мыңға жуық адам вакцина қабылдады
Медицина • 09 Сәуір, 2021
Алтай Көлгінов жол қызметкерлерінің жұмысын сынға алды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қазақстанның Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі өтіп жатыр
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар