Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Үржарда ұры ұсталды

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үржар ауданында мал ұрлағандар қамауға алынды. Жедел іздестіру шаралары барысында Алтыншоқы ауылының 33 және 43 жастағы тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үржарда ұры ұсталды

Күдіктілердің бірі бұрындары сотталған екен. Қазіргі уақытта екеуінің сегіз рет ұрлық істегені анықталды. Биыл тамызда олар Таскескен ауылының маңынан бес бас жылқыны айдап алып кеткен. Олар негізінен жаз кезіндегі түнгі уақытта әрекет еткен. Келтірген шығынның мөлшері шамамен 3 миллион теңге көлемінде.

– Ұрлаған малдарды Түркістан қаласының тұрғынына сатып жіберген. Ал одан түскен қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Сондай-ақ тінту кезінде 200 килограммға жуық ірі қара еті, екі құлынды бие және бірнеше малдың терісі табылды, - дейді облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Аталған факті негізінде қылмыстық кодекстің 188-1-бабы, 2-тармағы, 1 - тармақшасы, яғни «Топтасқан мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысы