Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 80 қаулысына сәйкес "Tengri Bank" АҚ-ты оған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берген лицензиядан айыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының 7), 15) тармақшаларына сәйкес мыналар лицензиядан айыруға негіз болды:
– пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу;
– қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;
– уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын банктің банк холдингінің орындамауы.
Банк секторының жиынтық активтері мен міндеттемелерінде Tengri Bank активтері мен міндеттемелері үлесінің аз болуына (0,3%) байланысты банкті лицензиясынан айыру тұтастай алғанда банк жүйесіне тәуекелдер туындатпайды. Банктің қаржылық жағдайының нашарлауы несие портфелі сапасының төмен болуымен байланысты. Проблемалық кредиттердің негізгі бөлігі 2015 – 2017 жылдардағы кезеңде Банктің қазақстандық акционерлерімен байланысты тұлғаларға берілген, олардың үлесіне банктің несие портфелінің 58%-ы тиесілі. Несие портфелінің 83%-н құрайтын қайтарымсыз қарыздар үлесінің жоғары болуы қаржы институтының активтері сапасының нашарлауына әкеп соқты.
2020 жылдың басынан бері банкте клиенттер қаражатын жаппай әкетті, ол банктің үздіксіз жұмыс істеуі үшін өтімділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етудің мүмкін болмауына әкеп соқты. 2020 жылғы наурыздан бері Tengri Bank төлемдер мен ақша аударымдары бойынша шарттық міндеттемелерін толық көлемде орындаған жоқ. Қаржылық жағдайының нашарлауы жағдайында Агенттік банкке және оның ірі акционеріне қатысты 11 қадағалап ден қою шарасын қабылдады және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 36 хаттама жасады.
Банктер туралы заңның 42-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкес банктің ірі қатысушылары банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін талап етілетін деңгейде қолдау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. 2020 жылғы наурызда Агенттік Банктің ірі акционеріне қатысты 2020 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде 23 млрд теңге сомаға үстеме капиталдандыру жөніндегі талап түрінде мәжбүрлеу шарасын қабылдады, ол орындалған жоқ. 2020 жылғы сәуір-маусымда Punjab National Bank 16,9 млрд теңге сомаға қорландыруды қамтамасыз етті, ол банктің клиенттері алдындағы міндеттемелерін азайтуға пайдаланылды. Реттеуші тарапынан күшейтілген қадағалау режимінің шеңберінде проблемалық қарыздарды қайта қаржыландыру және өндіріп алу жөніндегі шаралар қабылданды, соның нәтижесінде банктің міндеттемелері 26,4 млрд теңгеге
төмендеді.
Корпоративтік басқарудың тиімді жүйесінің болмауы және банктің мажоритарлық және миноритарлық акционерлері арасындағы ішкі корпоративтік даулардың сақталуы да банктің қаржылық жағдайының нашарлауын қиындата түсті. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әкеп соққан Банк акционерлері мен менеджментінің әрекетіне құқықтық бағаны тиісті органдар беретін болады. Акционер тарапынан банкті үстеме капиталдандыру ниетінің болмауына байланысты Агенттік банкті лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады. Тengri Bank жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, осыған байланысты «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі – ҚДКҚ) депозиторларға кепілдікті өтемақы төлейтін болады. Банк салымшыларының, жеке тұлғаларының 99%-ының депозиттері толық көлемде ҚДКҚ-ның кепілдігімен өтеледі.
Банктің клиенттері жеке тұлғалар, оның ішінде дара кәсіпкерлер. Өтемақы ұлттық валютада төленетін болады және оның сомасы:
- теңгедегі жинақ салымдары (депозиттер) бойынша 15 млн теңгеден;
- ұлттық валютадағы өзге депозиттер бойынша 10 млн теңгеден;
- шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 млн теңгеден аспауға тиіс.
Клиенттерге өтемақы салымшылардың агент-банкте және басқа банктерде ашылған банк шоттарына есептеу жолымен, сондай-ақ агент-банктегі қолма-қол ақшаны алу арқылы 2020 жылғы қазанның бірінші жартысында басталады. Агенттік Төрағасының 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 360 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған банктің барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік банктің тарату комиссиясы тағайындалғанға дейін жұмыс істейтін болады. Уақытша әкімшіліктің жетекшісі болып Агенттіктің қызметкері Огай Оксана Дмитриевна тағайындалды. 2020 жылғы 18 қыркүйектен бастап ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылды. Агенттік заңнамада белгіленген тәртіппен банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы сотқа жүгінеді. Сот банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған күннен бастап, банкті күтіп-ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге жағдайларды қоспағанда, кредиторлардың банкке талаптары тарату ісінде ғана ұсынылуы мүмкін.
Көкшетауда жігіт сауда үйінің терезесінен құлап мерт болды
Аймақтар • Кеше
Киік мүйізінің 293 данасы тәркіленді
Оқиға • Кеше
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • Кеше
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • Кеше
Елорда әкімі мердігерлерге ыңғайлы жол салуды тапсырды
Елорда • Кеше
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • Кеше
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • Кеше
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • Кеше
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • Кеше
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • Кеше
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • Кеше
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • Кеше
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • Кеше
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • Кеше
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • Кеше
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1511 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда бір күнде 2734 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті
Саясат • 09 Сәуір, 2021
Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді
Спорт • 09 Сәуір, 2021
Қазақстан елшісі Швецияның Сыртқы істер министрімен кездесті
Саясат • 09 Сәуір, 2021
ШҚО-да тұрғындар эвакуацияланды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қазақстанда қанша микроқаржы ұйымы жұмыс істейтіні белгілі болды
Экономика • 09 Сәуір, 2021
Президент Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдерінің есебін тыңдады
Президент • 09 Сәуір, 2021
Елбасы Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Елбасы • 09 Сәуір, 2021
Биыл 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен келіссөз өткізді
Үкімет • 09 Сәуір, 2021
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қостанай облысында жаппай вакцина егу басталады
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
М.Әйтенов: Халыққа вакцина егудің маңыздылығын қарқынды насихаттау керек
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр?
Руханият • 09 Сәуір, 2021
Президент ғарыш саласының мамандарына ризашылығын білдірді
Президент • 09 Сәуір, 2021
Ұйғыр ауданының судьясы жемқорлық фактісімен күдікке ілінді
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Түркістан облысында вегетациялық маусым қалай өтеді
Экология • 09 Сәуір, 2021
Алматыда тау баурайы отқа оранды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қабдеш Жұмаділовтің соңғы сұхбаты эфирге шығады
Руханият • 09 Сәуір, 2021
Филипп ханзаданың қазасы: Ұлыбританияда ұлттық аза тұту күні жарияланды
Әлем • 09 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 7 тойхананың жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Әйелдер ипотекасы қашан іске қосылатыны белгілі болды
Экономика • 09 Сәуір, 2021
Қазақстандық вакцина қашан дайын болады?
Қазақстан • 09 Сәуір, 2021
Жемқорлық: «СҚ-Фармацияның» экс-басшысына қатысты істің жайы белгілі болды
ANTIKOR • 09 Сәуір, 2021
Полиция қызметкері 14 жастағы қызды өлімнен аман алып қалды
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Президент елдегі жолдардың сапасына қатысты сын айтты
Президент • 09 Сәуір, 2021
Батыс Қазақстанда өзен жағасынан малдың өлекселері табылды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Алматыда карантин күшейтіле ме?
Коронавирус • 09 Сәуір, 2021
Алматы полициясы мылтықтан оқ атқандарға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Тбилисиде грузин тіліндегі Абай өлеңдерінің жинағы жарық көрді
Абай • 09 Сәуір, 2021
Қызылорда облысында заңсыз балық аулаудың екі дерегі анықталды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
ШҚО: Қызға қол көтерген басқарма басшысы жұмыстан қуылды
Оқиға • 09 Сәуір, 2021
Елордада тарауих намазы мен ауызашар рәсімдері өткізілмейді
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның алдағы міндеттері қандай?
Үкімет • 09 Сәуір, 2021
Коронавирус вакцинасы оразаны бұзбайды - Жанна Пірәлиева
Коронавирус • 09 Сәуір, 2021
Зейнетақыға үстемеақы қосылатыны рас па?
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Ақтөбеде 10 мыңға жуық адам вакцина қабылдады
Медицина • 09 Сәуір, 2021
Алтай Көлгінов жол қызметкерлерінің жұмысын сынға алды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қазақстанның Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі өтіп жатыр
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар