Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көліктер жүреді

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда алдағы демалыс күндері, яғни 19-20 қыркүйекте қоғамдық көлік жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz inAlmaty.kz қалалық мобильдік басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көліктер жүреді

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, демалыс күндері қоғамдық көліктер таңғы сағат 06:00-ден кешкі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, қалада тұрғындардың өтініші бойынша, қыркүйек айы басталғалы қоғамдық көлік, оның ішінде метро кестеге сәйкес жұмыс істей бастады.