Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Павлодар облысында жыл басынан бері 23 бала үйінен қашып кеткен

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында жыл басынан бері 23 бала үйінен қашып кеткен

"Қолайсыз отбасылардағы қиын жасөспірімдермен бірге, ауқатты отбасылардың балалары да қашады. Тәжірибе көрсеткендей, олар көбінесе қыздың ата-анасымен болған жанжалдың салдарынан үйден қашып кетеді. Жуырда Екібастұз қаласының полициясына 12 жасар қыздың анасы жүгінді. 16 қыркүйек күні сағат 03:00-ден 12:00-ге дейін кәмелетке толмаған қызы үйден кетіп, қайда екендігі әлі белгісіз деп хабарлады. Екібастұз қаласының барлық кешенді полиция күштері дереу тартылып, аймақтық департаменттің жеке құрамы іздестіруге жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына "Легион 14" және "Вита" ерікті волонтерлік ұйымдары, сондай-ақ жұртшылық қатысты", деді баспасөз қызметінде.

Департаменттің хабаралуынша, қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде дәл сол күні кәмелетке толмаған бала әжесінің жанынан табылып, қорқып кеткен ата-анасына қайтарылды. Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған бала шашты бояуға тыйым салған анасымен жанжалдан кейін әдейі үйден кетіп қалған.

"Ата-аналар мұндай салдардан аулақ болу үшін барын салуы керек. Ол үшін тек балалармен сөйлесу керек. Бірінші рұқсатсыз үйден кету баланың психологиясына әсер етеді және оның отбасымен байланысын бұзады. Баланың мінез-құлқы - бұл отбасындағы жағдайдың бейнесі. Тек өзіңіздің айтқаныңызды істетуге тырыспаңыз, балаларды түсіну және олардың қалауын тыңдап қабылдау қажет. Егер бала үйден кетіп қалса немесе үйден қашамын деп қорқытса, бұл сигналдарды ескермей қалмау керек", деді департаментте.