"Қазақстанда коронавирус инфекциясын қайта жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ. Бұл жаңа инфекция болғандықтан, оның қайтадан жұғуы мүмкіндігі туралы нақты ештеңе айта алмаймыз. Өкінішке қарай, бұл сұраққа әзірге ешбір елде нақты жауап жоқ. Бұл коронавируспен ауырған адам ұзақ бақылауда болған кезде ғана анықталуы мүмкін», - деді Роза Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінде.
Еске сала кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 78 адамнан коронавирус анықталды, 155 адам емделіп шықты.
Айта кетейік, елімізде індет жұқтырғандар саны 107134-ке жетті, 101610 науқас жазылып шықты, 1671 адам қайтыс болды.