Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, 19 қыркүйек күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді.
Ақтауда 19 қыркүйек күні күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысында 19 қыркүйек күні күндіз оңтүстіктен жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с болады. Ақтөбеде күндіз 19 қыркүйек күні оңтүстіктен жел соғып, екпіні 17 м/с-ке жетеді.
Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95% Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік, оңтүстік шығыстан соғатын желдің жылдамдығыкей жерлерде 15-20 метр болады.
Оралда бүгін найзағай ойнап, оңтүстіктен, оңтүстік шығыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетеді.