Алматылықтар метро станциялары мен LED-экрандардағы билбордтардан ақ халатты батырларды көре алады.
Фотосессияға №29 Қалалық емханасының, Алматы қалалық Жедел Медициналық жәрдем қызметінің, № 1 Қалалық клиникалық ауруханасының, ШЖҚ «Орталық қалалық клиникалық аурухана» МКК, №17 Қалалық емханасының, И.С. Жакенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының және Қалалық Балалар Жұқпалы Аурулар ауруханасының 100-ден астам медицина қызметкерлері қатысты.
«Өзімнен және өз әріптестерімнен фотосессияға шақырғаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Наурыз айынан бері көрмеген көптеген әріптестерімізді көрдік. Тәжірибе алмасып, бір туғандай әңгімелесе алдық. Көңіл-күйді көтеріп, есіктердің арғы жағында не болып жатқанын ұмытатын осындай іс-шаралар көбірек болса екен», - деп бөлісті «МҚКК» ШЖҚ МКК бас медбикесі Гүлмира Абдуллаева.
Көрмеде қиын уақытта азаматтардың денсаулығы үшін күрескендердің бір бөлігі ғана көрінді.