Қоғам • 19 Қыркүйек, 2020

Тәжірибелі мамандар даярлауға күш салуымыз керек - Аида Балаева

537 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі "Балаеваға 3 сұрақ" бағдарламасында журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру мәселесін сөз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәжірибелі мамандар даярлауға күш салуымыз керек - Аида Балаева

"Ақпарат құралдары адам тәрбиелейді. Олар қоғам мен билік арасындағы дәнекер. Біз ең бастысы тәжірибелі мамандар даярлауға күш салуымыз керек. Сондықтан журналистика мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарының оқу құралдары мен оқу бағдарламаларын қайта қараған жөн. Олардың қазіргі заманға сәйкестігін саралау кезек күттірмейтін мәселе», деді А.Балаева.

Бұдан соң, министр салалық журналистиканы дамытуға күш салу керектігін айтты.

"Біз пандемия кезінде медицина саласында салалық журналистердің жоқытығын байқадық. Тек қана медицина саласында ғана емес, ауыл шаруашылығы, экономика және тағы да басқа салаларда журналистер дайындауымыз қажет", деді ол.

Сондай-ақ ол журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне тоқталды.

"Журналистердің біліктілігін арттыру мақсатында шетелдік медиа мектептермен әріптестік орнаттық. Журналистердің біліктілігін арттыру маңызды. Өйткені қазір "журналистер пресс-релизден ары шыға алмай жатыр" деген сындар айтылып жүр. Сондықтан біз сараптама жасай алатын, жалпы біліктілігі мен білімі мықты журналистер дүниеге келуіне жағдай жасауымыз керек", деді министр.