Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2020

Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК Қазақтанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктердің хабарлауынша, 20 қыркүйек күні күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Кей жерлерде оңтүстік, онтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Жезқазғанда бүгін күндіз найзағай ойнап, оңтүстік, онтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 70-75%.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде күші секундына 15-20 метрге, күндіз 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Петропавлда 20 қыркүйек күні күндіз оңтүстіктен жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с болады.

Көкшетауда күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90%.