Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында да айтты. «Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – əлеуметтік экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын жəне халықтың табысын сақтап қалу», деп мемлекет тарапынан əлеуметтік саладағы жəне экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатынын жеткізген еді. Тіпті, ел Президенті осы мақсатқа Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінетінін де айтты.
Солай бола тұра еліміздегі микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысын реттеу мәселесі де өзектілігін жойған жоқ. Осы мақсатта еліміздің кейбір нормативтік-құқықтық актілерінде өзгерістер орын алды. Мәселен, осы жылы 30 сәуірде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың арнайы қаулысы да шықты. Ендеше, 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», 2012 жылғы 26 қарашадағы «Микроқаржылық қызмет туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы», 2020 жылғы 16 наурыздағы №286 «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Президентінің Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасы бекіткен қаулыға зер салайық.
Ең алдымен, «Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы №192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай бірқатар өзгеріс енгізілді. Мәселен, көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтерде және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерде, оларды есептеу әдістемесіндегі 3 және 4-тармақтар редакцияланды. 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі – уәкілетті орган) есептік тіркеуден өткендер үшін; биылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктер үшін; осы жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталықтарынан тыс жерде жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктер үшін; биылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында өз қызметін жүзеге асыратындар үшін; 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс өз қызметін жүзеге асыратындар үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері белгіленді.
Сондай-ақ 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін уәкілетті органда есептік тіркеуден өткендер үшін, кредиттік серіктестік ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталықтарында жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктер үшін, кредиттік серіктестік ретінде 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс жерде жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктер үшін, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталықтарында орналасқандар үшін, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталықтарынан тыс орналасқандар үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері анықталды.
«Есептік тіркеуден өту үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылғы 24 наурыздағы №21 қаулысына да (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20163 болып тіркелген, 2020 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бірқатар өзгеріс еніпті. Есептік тіркеуден өту үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларындағы 3 және 4-тармақтар редакцияланды.
Төтенше жағдай мен карантиндік шаралар аяқталғанымен, ел экономикасы толық қалпына келді дей алмаймыз. Сондықтан енгзіліп отырған бұл түзетулер кәсіпкерлерді дағдарысқа ұрындырмайды деп сенеміз.