Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020

Бозтаев көшесіне бөренелер шашылды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде жол-көлік оқиғасы орын алды. Көпірдің аузындағы шеңберден Бозтаев көшесіне бұрыла берген «КамАЗ»-дың бөрене тиелген тіркемесі аунап кеткен.

Бозтаев көшесіне бөренелер шашылды

Облыстық полиция депар­таменті қызметкерлерінің айтуынша тіркемедегі бөренелер жолға шашылған. Дәл осы уақытта қа­рама-қарсы бағытта келе жатқан «Lada» автокөлігі бөренелерге соғылған. Жеңіл көлікке зақым келгенімен, адам­­дар аман.

Ал «КамАЗ» жүк көлігінің жүр­гізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Семей