Оқиға • 21 Қыркүйек, 2020

Түрмеде жатып екі жобаның авторы атанды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қа­ласындағы ГМ-172/8 қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу­­­ші бірден екі сирек кездесетін жобаны жасақтап шық­ты. Жобаның бірі – адам ағзасын қысқамерзімді оттегімен қанықтыруға арналған болса, екіншісі автокөліктердегі пайдаланылған газды сүзуге арналған құрылғы. Қазақстанда «жасыл экономиканы» дамытуға қатысты жобаларына авторлық құқық алу үшін ол сегіз ай бұрын патенттік бюроға өтініш берді.

Түрмеде жатып екі жобаның авторы атанды

Жоба жасауға қызыққан жазасын өтеушінің бірінші жобасына Мәскеу авиация институтының инженерлері көмек беріпті.

– Қазір мен жай ойланып, жазып-сызып қоймаймын, жанымда идеяларымды жүзеге асы­руға көмектесетін тағы бір автор бар. Мәскеулік инс­титутқа, оның инженерлеріне алғыс айтамын. Менің жобаларымдағы негізгі мақсат – елімізде «жасыл экономиканы» дамытуға атса­­лысу. Қазақстанның озық технологиялар­ды қолданушы ғана емес, оны өндіретін жаңа­лықтардың елі болғанын қалаймын, – дейді ол.

– Азамат 2014 жылы сотталған. Өзінің ай­туын­ша, есірткіге тәуелділік салдарынан қылмыс жасаған ол қазір өзгерген. Жазасының жұмсаруына байланысты ол өзінің жаңа идея­ларының көрінуіне ұмтыла бастады. Енді екі айдан соң патенттік бюро нақты шешім қабыл­дайды, – дейді Қылмыстық-атқару жүйесі Маң­ғыстау облыстық департаменті бас­тығының орын­басары Қанат Жарылғапов.

Жаңа өмірге бет бұрғандай жан дү­ниесін тыныштықпен байланыс­трған азамат өз уақы­тының көп бөлігін өсім­діктерге күтім жасауға арнайды. Өзі мұны табиғатты түсінуге және жаңа идеялардың өмірге келуіне мүмкіндік береді деп есептейді.

 

Маңғыстау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше