Елорда • 21 Қыркүйек, 2020

Конгресс-Холлдың бұрынғы басшысы ақша жымқырды деген күдікке ілінді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармониясының бұрынғы басшысы Сәкен Әбдірахманов 1,8 миллиардтан аса теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz

Конгресс-Холлдың бұрынғы басшысы ақша жымқырды деген күдікке ілінді

"Елордалық сотта мемлекеттік академиялық филармонияның бұрынғы директоры Әбдірахмановқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, ол тергеу нұсқасы бойынша өзінің қоластындағылармен қылмыстық топ құрған", дейді Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов.

Бұдан бөлек, Жанат Элиманов олардың 1,8 миллиард теңгеден аса ақша ұрлағанын атап өтті.