05 Қараша, 2013

Ақиқаттан ажырамайық немесе дәстүрлі діни құндылықтар мен көзқарастар қайшылығы неде?

393 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

01-мусылман-2Адамзатты ежелгі заманнан өзінің ертеңіне ұластырып, небір өткелектерден аман алып келе жатқан ізгілік құндылықтары екендігі сөзсіз. Ал сол адами ізгі­­ліктің алтын арқауы – иман­­­­ды­лық жібі үзілген жерде тоқы­рау да басталатындығы анық. Онда қарама-қайшылық, пікір ал­шақ­тығы туындап бірліктің ша­ңы­рағы шайқала бастайды. Діни бірлік болмайынша ұлттық бірлік болмайтыны тағы белгілі. Демек, дінді саясатқа айналдырып, өз пайдасына жаратқысы келетіндер мен экстремистік ниет­тегі діни ағымдар пайда бола бас­таған бүгінгі кезде, дінаралық татулықты сақтау – басты мақсат.

Адамзатты ежелгі заманнан өзінің ертеңіне ұластырып, небір өткелектерден аман алып келе жатқан ізгілік құндылықтары екендігі сөзсіз. Ал сол адами ізгі­­ліктің алтын арқауы – иман­­­­ды­лық жібі үзілген жерде тоқы­рау да басталатындығы анық. Онда қарама-қайшылық, пікір ал­шақ­тығы туындап бірліктің ша­ңы­рағы шайқала бастайды. Діни бірлік болмайынша ұлттық бірлік болмайтыны тағы белгілі. Демек, дінді саясатқа айналдырып, өз пайдасына жаратқысы келетіндер мен экстремистік ниет­тегі діни ағымдар пайда бола бас­таған бүгінгі кезде, дінаралық татулықты сақтау – басты мақсат.

Бұл орайда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Дін – халық даналығының, мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің шырақшысы», деп ізгіліктің өміршеңдігін алға тартты. Сөйтіп діннің ұстараның жүзіндей нәзік нәрсе екенін, бұл салада жаза басуға болмайтынын, себебі, адамның санасында діни және ұлттық сезімдер әрдайым тығыз астасып жататынын ескертті.

Алайда байқасаңыз, соңғы кездері елімізде дәстүрлі діни нанымдарымыз бен салты­мыз­ға сіңген көзқарастарға үйлес­пей­тін әртүрлі пікірлер мен ұста­ным­дар пайда бола бастады. Бұл өз кезегінде ұлттық құн­ды­лық­та­ры­мызға да өзінің кері әсе­рін ти­гі­зуде. Алғашқы кездері бірқа­тар да­нышпансыған діндар­ларға пе­ріш­­тедей сеніп, солардан қалмай үй­­реніп, діндар болғанның жөні осы деп жаппай дінге ұмтылу үрді­сі жүрді. Кейіннен ғой, жыл­ты­ра­ғанның барлығының алтын емес екендігіне көзіміз жете баста­ғаны. Бірақ уақыт өз ізін салады екен.

Әрине қазақ халқы үшін дәс­түрлі дін ретінде исламның құн­ды­­лықтары күнделікті өмірде өз орнын ойып тұрып алғаны бел­­гілі. Алайда, қазіргі күні осы ежел­­ден халқымыз дәріптеп, құр­мет­теген асыл дінімізге де күдік­пен қарайтындар баршылық. Жо­ғарыда айтқанымыздай, алғашқы кездері дін адамдары мен діни кітаптарды көргенде қуана да, құрметтей де қарасақ, қазір үмітімізден күдігіміз басым түседі. Бұған себеп те жоқ емес.

01-мусылман-2

Жасыратыны жоқ, соңғы кездері бүйректен сирақ шығарып, діни реформа жасағысы келетін топтар пайда бола бастады. Олар­дың айтуы бойынша, ғасыр­лар бойы ата-бабаларымыз үзбей ұста­нып, діни-рухани қажет­тілі­гімізді атқарып келген дәстүр­лі ислам қағидаттары дұрыс емес секілді. Пайғамбарға тарихи тұрғыдан жақын өмір сүріп, біз­ден гөрі дінге, құдайға адалырақ болған, өзгенің емес, алдымен өз қателігіне баса назар аударған аталарымыз теріс жолда болған көрінеді. Құдайға серік қосып, күпірлікке түсіпті! Таза исламды кейінгі «ақылдылар» ғана ойлап тауыпты. Қазақстан исламы бидғатқа толып кетіпті. Оны тазалау керек екен, дейді. Енді мұны қалай түсінуге болады?

Нағыз мұсылман адам қашан­да сабырлы да салмақты болуы керек. Екіншіден, біреуге қарсы кәпір, күнәкар деген сөздерді ойланып қолданғаны жөн. Тіпті өздерін нағыз сүннетпен жүреміз деушілердің өзі де, алдымен, пайғамбардың өмірінен үлгі алуы тиіс. Өйткені, Мұхаммед пай­­ғамбар (с.а.у.) сенімді хадисінде: «Қор­қыт­­паңдар сүйіншілеңдер, ауыр­лат­­паңдар жеңілдетіңдер» – дейді. Ен­деше, ана жоғарыдағылар секілді мұсылмандарды сен тозақ­қа бара­сың, сенің істеп жүргенің ширк (Аллаға серік қосу, күпірлік) деп құдайдың өкілеттілігін өз қолда­рына алып жүргендерді қалай түсінуге болады?

Ал таразының екінші бір басында дәстүрлі исламды уағыз­даймыз, біздің ата-бабаларымыз зікір салған, ең маңыздысы сол, намаздың да басқа құлшы­лық­тардың да төресі зікір деп, асыра сілтеп жүргендер тұр. Біреуіне ұнамасаң сопы дейді, екін­ші­сіне ұнамасаң сәләф, уахабшы, «қысқабалақ» дейді. Сонда шы­­найы бауырмалшылдық пен сүйіс­пеншілікті уағыздайтын, пай­ғамбар «үмметім» деп мақта­на­­тын, біреудің ала жібін аттамай­тын, «Ең жақсы мұсылман – бас­қаларға аузымен және қо­лы­мен зиян келтірмейтін» (хадис) мұ­­­сыл­мандар қайда?! Оларша жоқ па?

Демек, соңғы кездері халқы­­мыздың ішіне іріткі салып жүрген­дердің ісі де, ойы да еш­қашан біз­дің мүддемізге сай келмейді екен, оларда діни мүд­де­ден гөрі саяси мүдде басым. Сондықтан елдің, ұлттың, халық­тың тұтастығын сақ­тап қалуды ойлаған ата-бабамызды емес, керісінше өздерін ғана ақылды санайтын дін үйрету­шілерден сақтану қажет.

Ал біле білсеңіз, Ибн Таймия (Ахмет Такиуддин) Х. 661 жылы Харранда дүниеге келген. Ханбали мазхабының факихы. Сол кезде Ашари бағыты суннаға ең жақын бағыт болып саналды. Тіпті, атақты крест жорықтарына тойтарыс беруші Салахаддин Аюбидің өзі де осы бағытта болған дейді. Бірақ Ашари бағыты көбіне логика мен философияға көңіл бөлгендіктен кейбір Ханбалилар оларға қарсы шықты. Олардың арасында Ибн Таймия да бар еді. Сол кездегі Моңғол шапқыншылығына қарсы ол михрабтан түсіп, соғыс алаңына араласқаннан кейін оның беделі арта түсті.

ХІІ ғасырда Мұхаммед б. Абдулуаххаб (1703-1787) Ибн Тай­мияның сенім және фиқхқа қатысты кітаптарын зерттеп, оны таратуды бастайды. Сауд Ара­биясының патша әулетінің атасы Мұхаммед б. Сауд (1766 ж. қайтыс болған) Мұхаммед б. Абдулуаххаб болатын. Бұл кісі өте жауынгер болғандықтан Ибн Таймияның көзқарастарын тарату жолында соғысуға дейін барған. Өйткені, ол бұл ісін сунна деп бағалаған. Оның саяси мүддесі мен діни мазхабты қолдау мүддесі қабысып жатты.

Сунна бойынша қабірге зиярат ету көзқарасын қалыптастырып, шииттердің мешіттерін қиратып, мешіттерге мұнара салуға, намаз­дан кейін тасбих қолдануға тыйым салынған. Барлық нәрсе­нің ис­ламның алғашқы уақы­тын­да­ғы­дай қарапайым болуын қалап, айналасындағыларға уағыздай бас­тайды. Қазір де Ибн Таймияның жақтастары мұсылман елдерінде қайтадан көбейе бастады.

Алайда, сенімі үшін жәбірлеу исламда адамға жасалған зұлымдық болып табылатындықтан, Ислам дінінің таралу барысында ешбір діннің өкілдері өлтіріліп, құл­шылық жасайтын орындары талқан­далмағандығы тарихи шын­дық. Сонымен қатар, Ислам діні дінді жамылып басқаларға қо­қан-лоқы көрсетуге де рұқсат бермейді. Сондықтан ешкімнің басқа біреудің сеніміне араласуына хақысы жоқ. Тек қана діни наным бойынша теріс жолда жүрген адамдарды дұрыс жолға бейбіт түрде және жылы сөзбен шақыру уағыздалады.

Мұхаммед пайғамбар бір сөзінде: «Мен де сендер сияқты бір адаммын. Дінге байланысты бір нәрсе айтсам, оны алыңдар. Бірақ өз көзқарасымнан бір нәрсе бұйыратын болсам, адам бол­ғаным үшін дұрыс айтуым да мүмкін, қателесуім де мүмкін», – деген екен. Бұл дұрыс деп қабылдасаңдар алыңдар, ал қате деп санасаңдар алмаңдар деген пікірге келеді. Бұдан шығатын қор­ытынды, Пайғамбардың өзі қателесуі мүмкін болса, басқа өздерін діндармын деп есеп­тей­тін адамдардың қателесу мүм­кіндіктерінің қаншалықты болғандығын болжау қиын емес деген сөз. Сондай-ақ, пайғамбар өзінің сөзіне сену тұрғысында да адамдарға ерік-бостандық берілгендігін айтуға болады.

Ислам көңілге сүйіспеншілік орнатып, адамдардың арасындағы осы айырмашылықтарды жойған­дығы тарихта ашық айтылады. Олардың шығу тегі жағынан бір­дей екендіктерін баяндап: «Ей адам­д­ар! Расында біз сендерді бір ер­кек, бір әйелден жараттық. Бір-бірлеріңмен оңай таныссын деп тайпа және ұлтқа бөлдік», дейді. Бұл да сендер бір ата, бір анадан таралғандықтан бір-бірлеріңе үс­тем­дік жасай алмайсыңдар, бір-бірлеріңді қорлауға жол жоқ және бір-бірлеріңе бауыр бо­­ласыңдар дегені. Ал бауырлас адам­­дар бір-бірін қорлап, бір-бір­ле­­рімен дұшпан бола қоймайды ғо­й­.­

Құранда тағы да: «Сендерді қа­рапайым бір судан жаратып, оны белгілі бір уақытқа дейін сенімді бір жерге орналастырмадық па?!» және «Олай болса адам неден жаратылғандығына қарасын. Ол ер мен әйелдің белі мен кеу­десінен атылып шыққан бір судан жаратылған», – делінеді. Бұл адам баласы қарапайым жайттардан жаратылғанымен тұла бойы неге осыншалық ашқарақ, тойымсыз, өшпенділікке толы болады дегенді білдіреді. Сондай-ақ, бұдан адам баласы өзінің қайдан жаратылғандығына және бұл дүниедегі ішіп-жейтін тамағы мен баратын жеріне зейін салса, сөйтіп бір сәт те болса ойланса, осыншама талас-тартыс, жанжал тумас еді деген тұжырым шығаруға болады.

Бұл аяттар адамдар арасында қанағатшылдықты уағыздайды. Адамның жаратылысының қара­пайымдылығын есіне түсіріп, оның да жаратылысына сай қара­пайым болғандығын талап етеді. Олай болса, Құранның айтуынша, адамдарға бір-бірінің еркін, сенімі мен құқын таптап, өктемдік жүргізуіне рұқсат жоқ.

Осылайша саралай келгенде, көптеген араздықтар мен дұш­пандықтың басты себебі ре­тінде діни дүмшелік, дінді то­лық түсінбеуді айтуға болады. Сондықтан да Елбасымыз: «Біз діни фанатизм мен діни дүм­шеліктен қатар сақтануымыз керек» – дейді. Біздің пікірімізше, діни фанатизмге апаратын да діни дүмшелік болса керек. Ендеше, дінді ұстанушылар діннің тек сыртқы шарттарын ғана емес, рухани кемелділік қағидаларын, адамгершілік ұстанымдарын да қатар меңгергені жөн.

Егер қандай да діннің өкілі болмасын, өзін Жаратушысының сүйікті пендесі болуын қаласа, сол Жаратушысы жаратқан барлық адамзат атаулыға, олар­дың сенімдеріне, әлемге құрмет­пен қарауы қажеттігін түсінуі тиіс. Өйткені, Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі дін­дер лидерлерінің II съезінде: «Біз баршамызға аян мына бір шын­дықты ешқашан естен шығар­мауымыз керек: Жаратушы – жалғыз, дүние – ортақ, аспан асты – кең, ендеше, біз бір атаның баласы, бір ананың перзенті ретінде бір-бірімізбен береке-бірлік пен ынтымақта өмір сүруіміз керек» деген болатын. Ал дін атаулының барлығы адамды араздастыруға, соғыстыруға емес, бейбітшілікті орнатуға шақыратындығын ешбір діннің өкілі жоққа шығармайды ғой. Ендеше, қалайша ақиқатты бұрмалауға болады?

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».