05 Қараша, 2013

Көкшедегі көптілділер конкурсы

292 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

01-Тилдарын логотипҚазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Бурабайдағы «Әлем» қонақ үйінде Қазақстан Респуб­ликасындағы тілдерді дамыту мен қолдаудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы және «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы аясында үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын-2013» республикалық олимпиадасын өткізді.

01-Тилдарын логотип

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Бурабайдағы «Әлем» қонақ үйінде Қазақстан Респуб­ликасындағы тілдерді дамыту мен қолдаудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы және «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы аясында үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын-2013» республикалық олимпиадасын өткізді.

Екі күнге созылған ша­­раның негізгі мақ­саты: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік-қарым-қатынас мәдениетін қа­лып­тастырып, көптілді меңгерген тұлғаны тәр­бие­леу, қазақстандық па­триотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу болып табылады.

Талапкерлердің бі­лі­мі мен қарым-қуатын құрамында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің басқарма басшысы Гүлбадан Тә­уелқызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің шет тілдер теориясы мен тәжі­рибесі кафедрасының мең­герушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Д.Байдрахманов, аталған білім ордасының Жалпы тіл білімі және аударма кафедрасының доценті, филология ғы­лым­дарының докторы М.Амалбекова, «Көкше» академиясы гуманитарлық-педагогикалық депар­та­ментінің директоры, филология ғылымдарының докторы Қ.Молғаждаров, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Болон үде­рісі мен академиялық ұтқырлық бөлімінің жетекшісі, доцент Ж.Са­ғындықова, Ақмола об­лыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғ.Төлеғұл бар қазылар алқасы сарапқа салды.

Байқау қорытын­ды­сында Алматы қала­сынан келген Әсем Қашқынбекова үздік деп танылды. Атырау облысының өкілі Жасұлан Самиғоллаұлына бірінші орын бұйырды. Жүлделі ІІ және ІІІ орындарды астаналық Арай Ибрагимова мен қы­зылордалық Ұл­босын Мұ­хамедова ен­ші­леді. Олимпиадаға қа­тысу­шы­лардың барлығына ынталандыру сыйлықтары мен арнайы дипломдар тапсырылды.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы,

Бурабай ауданы.