05 Қараша, 2013

«Ақтөбе» тағы топ жарды

268 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен сенбіде футболдан Қазақстан Премьер-лигасының чемпионаты өзінің мәресіне жетті. Соңғы 32-турда өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдап, 2:2 есебімен тең ойнаған «Ақтөбе» футбол клубы биылғы маусымның үздігі атанды. Ал Оралдың «Ақжайық» командасы өз алаңында «Атырауды» 3:0 етіп ұтқанына қарамастан, бірінші лигаға түсіп қалды. Оның Премьр-лигадағы орнын бірінші лигада алдына жан салмаған Қызылорданың «Қайсары» бас­ты. Сол сияқты, бірінші лигада екінші белесті бағындырған Семейдің «Спартагы» жоғары элитадан орын алу үшін алдыңғы көштің көмбесіне 11-ші болып келген Өскеменнің «Востогымен» жалғыз вакансия үшін күш сынасатын болды.

Чемпионаттың күміс жүлде­сі «Астана» командасына бұй­ыр­ды. Елорда клубы соңғы тур­да Қарағандыда жергілікті «Шах­терге» қарсы ойнады. Есеп 4:1 болып, «Астананың» пайдасына шешілді.

Содан кейінгі маңызды матч Павлодарда жергілікті «Ертіс» пен Алматының «Қайраты» арасында ойналды. Мұнда ең соңғы минуттарға дейін кімнің бағы жанатыны белгісіз болып тұрды. Ал чемпионаттың қола медалін жеңіп алудың әдемі орайы келіп тұрған алматылықтар үшін бұл кездесуде жеңіске жету ауадай керек еді. Олар ақырында 3:2 есебімен басым түсті. Көп жылдардан бері осылай чемпионаттың қола медалін жеңіп алу «Қайраттың» мыңдаған жанкүйерлерін үлкен қуанышқа бөледі.

Бұл күні Таразда өткен «Та­раз» – «Восток» матчы 1:1 болып тең аяқталды. Осы тең ойын өске­мендіктерге өтпелі ойын ой­нау мүмкіндігін алып берді. Ал Талдықорғанда «Жетісу» Қос­­та­­найдың «Тобылын» 1:0 етіп ұтты.

Осымен кезекті чемпионат аяқталды.

PS. Материалдың толық нұсқа­­­сын газет сайтынан (news.egemen.kz) оқи аласыздар.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.