Достоевскийдің барлық дерлік шығармалары корей тіліне аударылғандықтан, оны Кореядағы ең танымал орыс жазушысы деп атай аламыз. Сондықтан Петербургке келген әрбір кәріс Кузнечный тұйық көшесіндегі Достоевский музейіне міндетті түрде бас сұғады.
Міне, осы мақсатта Корея Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы музейге арналған корей тіліндегі аудиогид жасау туралы ұсыныс түсірген. Бұл ұсыныс қолдау тауып, енді қаланың корейлік қонақтары Федор Михайловичтің өмірі мен шығармашылығы жөнінде баяндайтын экскурсияны өз тілдерінде тамашалай алады. Аталған жобаның дикторы Достоевскийдің творчествосын терең білетін кореялық белгілі профессор Сок Ен Джун болды.