Әлем • 22 Қыркүйек, 2020

Ұрланған кітаптар табылды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан үш жыл бұрын Лондондағы қоймадан құны 3,2 миллион доллар тұратын 200-ге жуық құнды кітаптар жоғалған болатын. Енді сол ұр­ланған кітаптар Румынияның солтүстік-шығы­сындағы Нямц ауылдық жеріндегі үйдің еденінің астынан табылды.

Ұрланған кітаптар табылды

 

Құпия орынға XVI-XVII ғасырларға жататын Данте суреттерінің сирек нұсқалары мен испан суретшісі Франиско де Гояның эскиздері, сонымен қатар Галилей мен Исаак Ньютонның қолжазбалары жасырылған.

«Бұл кітаптар айрықша құнды, оның үстіне халықаралық мәдени мұра үшін аса зор маңызға ие», дейді Лондонның қылмыспен күрес жө­ніндегі басқармасының офицері Энди Дарем. Айта кетейік, жұмыстар Лас-Вегаста өтетін кі­тап аукционына тасымалданар алдында қой­ма­да сақталып, тиеуге бір сағат қалғанда ұр­лан­ған еді.

Лондон полициясының мәлімдемесінде айтыл­ғандай, қылмыстық топ күллі Ұлыбританияның қымбат қоймаларынан жасалған ұрлықтар сериясы үшін жауапты. Бұл қылмыстар Клампару қылмыстық кланының құрамына кіретін бірқатар атышулы румындық криминалдық отбасылармен байланысты екен.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше