05 Қараша, 2013

Сеул АҚШ-тан электрондық барлауға байланысты түсінік беруін талап етті

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05 11 - Elektron slezhkaБАҚ өкілдері АҚШ-тың арнайы қызметі ұзақ жылдар бойы Корея Республикасының мемлекет басшысы мен елшілігіне қатысты электронды барлау әрекеттерін жүргізді деген мәлімет таратқан болатын. Осыған байланысты Сеул АҚШ тарапынан мәселенің мән-жайын түсіндіруді талап етіп отыр. Бұл туралы Корея Республикасы үкіметі ресми өкілінің ақпарына сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Нью-Йорк таймс» газетінде жарияланған ақпар бойынша, АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің 2007 жылғы құжатында Оңтүстік Корея «СИГИНТ» операциясы аясында тыңдау жүргізілетін негізгі нысандардың бірі ретінде көрсетілген. Агенттікті негізінен Оңтүстік Кореяның сыртқы саясаты мен шетелдік және қарсы барлау салалары қызықтырған көрінеді.

БАҚ өкілдері АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің 38 шетел елшілігінің телефондарын тыңдап, 35 елдің басшыларына қатысты электрондық барлау әрекеттерін жүргізгендерін мәлімдеді.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар