Саясат • 22 Қыркүйек, 2020

Ынтымақтастықты тереңдетеді

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана мемлекеттік қызметі хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшы­сының өкілі, БҰҰ Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастық кеңсесінің директоры (UNOSSC) Хорхе Чедиек мырза ынтымақтастықты тереңдету туралы алмасу хатына қол қойды.

Ынтымақтастықты тереңдетеді

Құжат Чедиек мырзаның Консуль­тативтік кеңестің төрағасы болып қо­са атқаратын Мемлекеттік қызметтегі инновациялары бойынша Оң­түстік-Оңтүстік желісімен (SSN4PSI) ынтымақтастықты кеңей­туге бағытталған.

Айта кетейік, 2014 жылы Астана мем­­ле­кеттік қызмет хабы аймақтық және ай­мақ­аралық Оңтүстік-Оң­түстік ынтымақ­тастықты дамытуға қосқан үлесі үшін БҰҰ-ның арнайы сыйлығымен марапат­талды.

Аймақтық және аймақаралық серік­тестіктер арқылы Тұрақты даму күн тәрті­бін алға жылжыту­дағы ортақ мүдделер мен мақсат­тар­ды бөлісе отырып, екі ұйым мем­­ле­кеттік қызмет көрсету сала­сындағы инно­вациялар бойынша Оңтүстік-Оңтүстік ынты­мақ­тас­тығын нығайтудың бірлескен жос­парын жасауда.

Ынтымақтастық шеңберінде әлеуетті нығайту және «теңге тең» қағи­даты шең­берінде білім алмасу мақсатында бірқатар шаралар, сондай-ақ «Matchmaking» іс-ша­раларын ұйымдастыру ойласты­рылуда. Matc­hmaking іс-шара­лары қатысушы елдер мен екі ұйым­ның серіктестері арасындағы ел үкі­меттеріне мемлекеттік орган­дар­дың білімдері және озық тәжіри­бе­лерімен алма­суға және екі ұйымды бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасау мақсатында жақындату мүмкіндігін береді.